Әр адам салауатты өмір салтын ұстануға тырысады: спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанады. Дегенмен, өзінің жан қалауынан аса алмайтындар да бар. Сау болуға ұмтылуды бастау ешқашан кеш емес. Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда тұрған ең маңызды нәрсе. Біздің өміріміздің сапасы да онымен тығыз байланысты. Назарларыңызға адам тәне мен жанының саулығын сақтауға бағытталған кітаптар тізімін ұсынамыз:
1. Майкл Мосс
«Тұз, қант және май. Өмірге әсерін тиізген тағам алыптары»
(Соль, сахар и жир. Как пищевые гиганты посадили нас на иглу)
New York Times Bestseller тізімінде бірінші орын иемденген, Пулитцеров жүлдесінің лауреанты Майкл Мосс тағам өнеркәсіп саласының Coca-Cola, Nestle секілді алыптарының қолданатын маркетинг саласы бойынша құпияларын жариялайды. Ол арнайы тәжірибе орталықтарында сынақтан өтетін, бізді баурап алып қана қоймай, тәуелді етіп қоятын дәмдердің қалай пайда болатынын толық баяндайды. Бұл кітапты оқыған соң, тауардың қаптамасын оқымай, сатып алмайтын боласыз.
2. Пьер Дюкан
«Дюкан диетасының 350 рецептісі»
(350 рецептов диеты Дюкан)
Әлемдегі ең танымал Дюкан диетасы туралы естімеген адам аз шығар. Бұл кітапта Пьер Дюкан сымбатты түзеуге септігін тигізетін 350 тағам рецептісімен бөліседі. Кітапта рецептінің екі нұсқасы беріледі: бірі көп мөлшердегі ақуыз және нәруыз бен көкөністертен тұратын тағам түрлері кездеседі. Бұл жерден пиццаның да рецептісін табуға болады.
3. Джейкоб Тейтельбаум және Кристл Фидле
«Қантсыз»
(Без сахара)
Адамдардың басым көпшілігі тәттіні жанындай жақсы көреді. Отыз жылдық жұмыс өтілі бар дәрігер Джейкоб Тейтельбаум кітапта қантқа тәуелділіктің 4 төрін сипаттай отырып, олармен күресу жолын да атап өтеді. «Қантсыз» ктіапбы сізге неге қантқа құмар екеніңізді және мәселені жеңу жолын да көрсетеді.
4. Дэвид Рендалл
«Ұйқы ғылымы»
(Наука сна)
Дэвид Рендалл – журналист. Ол айкезбе дертіне шалдыққан болатын. Бұл ерекшелігі оның ұйқы тақырыбына қызығушылық танытуына себепкер болды. Бұл кітап – оның үздіксіз зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Кітаптан қалай дұрыс ұйықтау керек деген сауалға жауап таппайсыз. Бірақ, ұйқыда жатқанда адам денесінде орын алатын өзгерістер, ұйқысыздық мәселесі мен басқа да ақпараттарға қанығасыз.
5. Камерон Диас және Сандра Барк
«Тән туралы кітап»
(Книга о теле)
Көптеген бестселлердің авторы Сандра Барк Камерон Диасқа оның арманың шындыққа айналдыруға көмектесті – кітап жазды. Кітапта Камерон оқырмандармен өзінің денесіне деген қамқорлығы, өзін қабылдауы мен тәнге күтімнің керектігі туралы айтады.
Кітаптар тізімі осындай. Егер тізімдегі кітаптардың бірін оқыған болсаңыз, міндетті түрде пікіріңізбен бөлісуді ұмытпаңыз.