- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Демалысқа барып келген...
Демалысқа барып келген адамның IQ деңгейі едәуір төмен болады
Жыл бойы еңбек етіп, артынша демалысқа шығып тынығып келгенге ешнәрсе жетпейді. Бірақ, неміс ғалымдары мұның теріс жағын да тауып қойыпты.
Олардың айтуынша, еңбек демалысына барып қайтқан адамның IQ деңгейі едәуір төмендейді екен. Олар өткізген зерттеудің бірінші кезеңінде қатысушылар IQ деңгейі жөнінен тест тапсырыпты. Мұнан соң олар демалысқа шығып келіп, тағы да тест тапсырған. Сол кезде демалып келген соң еріктілердің бәрінің IQ деңгейі ең кемі 10 тармаққа төмендегені белгілі болды. Сол себепті ғалымдар, тіпті демалыста жүріп миды жұмыс істету керектігін айтады. Бұл үшін ең болмағанда ғылыми сайттарды қарап шығуға болады. Сондай-ақ сөзжұмбақ шешу де артықшылық етпейді. Күніне 15 минуттай уақытыңызды ми жұмысына жұмсасаңыз жетіп жатыр. Естеріңізге сала кетсек, IQ – бұл адамның ақыл-ойын санмен бағалау. Жалпы адамның IQ-ның орташа деңгейі 90-110 балдан тұрады.
Дереккөз: 24.kz
Е. Жұмабайұлы