...Бейтаныс қалада жүрсіз. Көше қиылысынан өте бергенде, кенет тұра қалдыңыз. Таңғалып тұрсыз. Бұрындары бұл жерде болған сияқтысыз. Онда бәрі түсінікті. Бұл - дежа вю.
Дежа вюдың сөзбе-сөз аудармасы "бұрын көргенмін" екен. Алайда, тек көру зейінімен ғана шектелмейді. Ол тіпті түрлі дауыстар мен иістер, әр түрлі сезімдердің араласуынан туындайды. 30 жасқа дейінгі аралықта, шығармашылық адамдарда дежа вю жиі қайталанып тұрады. Бұл туралы Дикккенс пен Толстой да, әрине, өз кезегінде Прус та "Жоғалған уақыттарды іздеу сапарында" жазып кеткен.
Біздегі ми жұмысының қызметі, оның ішінде жадты зерттеу тіптен қиын. Өйткені, жадтың ішінде не болып жатқанын ешкім де білмейді. Бірақ дежа вюдың не үшін болатынын және қай жерде өтетінін түсіндіруге болатын сияқты. Ең бірінші, маңдай тұстағы ми жұмысының бұзылуынан. Оған ауыр жарақаттардан бастап, қояншық ауруына дейін жатады. Қояншық ауруымен ауырар алдында, адамдар дежа вюмен біраз алысады екен. Өткен күннің елестері, рухтармен әңгімелесу, әртүрлі тылсым дүниелерге жауап іздеу - бәрі-бәрі адам жадында араласып жататын қойыртпақтар.
Бір қызығы, кейбір адамдар дежа вюдың ең оңай жолын ойлап тауыпты. Олар бұрынғы өмір тәжірбиесіне үңілу үшін маңдайларын қабырғаға соғады екен. Алайда, мұндай тәжірбеге сүйене қою қиын шығар.
Айтылып кеткен адамдардың ми бөлігінің физикалық қызметі бұзылған. Бірақ, дені сау адамдарда да өтетін дежа вюды қалай түсіндірсек болады. Олардағы дежа вю қалай өтеді?
Дежа вюға берер қысқа ғана түсінік: өзімізді-өзіміз алдайтындығымыз. Мәселен, үстел алдындағы жаңа әкелінген нан, қабырғада ілулі тұрған сағат тықылы, айна бетінде толқып тұрған күн сәулесі, терезеден келіп кірген иіс - кенет сіздің өткен күнінізде болған елестермен бірдей болып шықса ше?! Онда біздегі ми жұмысы қателеседі: "Мына тұрған бір тілім нанды бұрындары көргенім рас болса, одан басқа дүниелерді де көргем рас".
Гиппркамп - мидың ерекше бір бөлігі. Ол жадымен қатар, адамның сол ортаға бейімделуіне де жауап береді. Біз оны жол іздегенде жиі пайдаланамыз. Мидың бұл бөлігі шопырлар қауымында өте жақсы дамыған. Түсінікті де, олар бүкіл қаланың көшесі мен қиылыс-қиылыстарын көз алдарына келтіріп отырады.
Ендігі әдемі жауап мүлдем басқаша: біз бұл көшені секунд бұрын көргенбіз, ал бірақ өткен күннің елесіндей қабылдаймыз. Шындығы солай. Көшені көрген бойда, ми бөлігіне хабарлама жібереміз. Бірақ та, біздегі ми бөлігі секунд бұрын өткен деп сақтаудың орнына, бір жыл бұрынғыға сақтап қояды. Сөйтіп, дежа вю күйінен бір-ақ шығамыз.
Бұған қарама-қарсы ғалымдар ұсынған түсінік те бар. Біз көшеде өтіп бара жатып кішкене елестерге берілеміз деп, өткен күннен ұқсастықтар іздейміз. Мысалы, тал астында тұрған қызыл көлік делік. Бізде яғни мида қызыл көліктердің қаншамасы сақталған. Дежа вю! Аталған ұқсастықтар ғылымда «mental maps» деп аталады. Бүгінгі мен өткен күннің елестері қат-қабат араласып, ми бөлігі қатпарланып кетеді.
Суреттер: diary.ru, freeoboi.ru