- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Дастархан басындағы тапқырлық...
Дастархан басындағы тапқырлық
Бір күні (1908 жылы) Жапония империясы университетінің профессоры Чы Тиян Жұн Мияу үй ішімен бірге үстелді жағалай отырып, жұбайы пісірген тағамнан ауыз тие бастады.
Тамақ жеп отырған Чы Тиян Жұнмияу кенет тоқтай қалды. Оның көзі қияр сорпасына қадалып тұр. Сорпаның дәмі тіл үйіреді. Бұл неліктен? Ол бұның себебін әйелінен сұрады. Әйелі де бұның анық себебін айта алмады. Сорпаны қалақпен араластырып көрген Чы Тиян Жұн Мияу оның алдыңғы күндегілерден өзгеше екенін байқады. Өйткені, бұған теңіз құрағы қосылған еді.
«Теңіз құрағында нендей бір керемет болса керек» деді Чы Тиян Жұн Мияу өзіне-өзі. Осы күннен бастап ол теңіз құрағының химиялық құрамын қадағалап, зерттей бастады. Жарты жыл уақытын жұмсаған ол, теңіз құрағындағы глутамин қышқылды натрий дейтін затты алады. Оны қосқан тағамның дәмі тіл үйіретін болды. Чы Тиян Жұнмияу бұл затқа «уижиң» (дәмдендіргіш) деп ат қойды. Сонымен қатар, бидай мен майсыздандырылған түйебұршақтан да дәмдендіргіш алып, дүние жүзінде дәмдендіргіш өндірісінің жедел дамуына мүмкіндік жасады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай