- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Бүкіл әлем және...
Бүкіл әлем және дүниенің нақтылығы
Нақтылық біз ойлағандай айқын әрі қарапайым да емес. Ақиқатқа санап жүрген кей заттар шын мәнінде қасақана, көрінеу көзге дұрыс жоспарланған. Ғалымдар мен философтар қолдан келер бар мүмкіндікті сала отырып, саналы ойдың теориясын сан соқтырмай, өз дәлелдерін ұсынып көреді.
Ұлы мұз басу.
Ұлы мұз басу - ақырзаман туралы ғылыми теория. Әрине, адамзат баласының бәріне бірдей мұз басында өлу қаупі туындамағымен, сонда да аталған теория үлкен қайғыс-қасірет әкелмек. Бүкіл әлемге ортақ энергия көзі шектеулі. Осы бір теорияға сүйенер болсақ, энергия таусылған күні жер жүзінің қозғалысы баяуламақ. Басқаша айтқанда, энергетикалық бөліктердің арқасында пайда болатын жылу көзі жоғалады. Бөліктердің қозғалысы баяулап, болжаммен алғанда, бір күні бәрі тоқтайды. Т.С. Элиоттың бір сөзі еске түспек:
"Осылай өмір бір күні тоқтамақ,
Жарылыспен емес...
Мұздаған жүрек қалтылдаумен..."
Солипсизм.
Солипсизм - индивидуальды санадан басқаның бәрін жоққа шығаратын философиялық теория. Алғашқыда орынсыз көрінуі мүмкін - шынында да кімнің басына айнала тіршілікті жоққа шығару туралы ой келмек? Бар қиындық мынада, өз санаңыздан басқа өзге тіршіліктің бар-жоқ екенін анықтау мүмкін емес.
Сенбейсіз бе? Бірер минутқа бүкіл арман-тілектеріңізді еске түсіріңіз. Онда бәрі де қонымды, айнала тіршілік ойлаған арман секілді керемет емес пе? Бірақ, бар екені сөзсіз отбасы, дос-жаран бар ғой? Ал шындығына келсек, жоқ. Мәслеен, ЛСД қабылдаған адамдар небір галлюцинацияларды ұстап көре алады екен. Бірақ, біз олардың көргенін шындық деп таппаймыз ғой.
Тіршілік құрған сәтте ештеңе күмәнсіз қалмас? Ештеңе. Түстік асқа жеген тауықтың аяғы да, саусақ астындағы пернетақтада... Біздің әрқайсысымыз өзіміздің жеке ойларымызға келген тұста ғана сенімді бола аламыз.
Идеализм.
Идеализм - айнала тіршілік идея ғана деп түсіндірілетін сенім. Біреудің идеясы. Белгілі философ-идеалист Джордж Беркли бір жолы өзі туралы өз таныстарының ақымақ көзқарастарына куә болған. Айтуынша, бір танысы жерден жатқан тасты жұмық көзбен теуіп, қуанып кеткен көрінеді: "Міне осылай мен дәлелдедім".
Әңгіме былай өрбіген, егер әлгі тас қиял мен ойда ғана бар болатын болса, онда оны жұмық көзбен тебе алмайтын еді. Берклидің тұжырымдамасы бүгінгі таңда біршама ауыр тиері анық. Оның сендіруі бойынша, бәрін ойлап, қиялдар отырған бір ғана құдай көрінеді. Ақиқаттан алыс па немесе жақын ба? Өзіңіз шешіңіз.
Платон және Логос.
Платон туралы естіген боларсыз. Барлық уақыттың кәрі данышпаны нақтылық (реальност) туралы жақсы білген. Платонның түсіндіруінше, бәріміз таныс айнала тіршіліктен басқа да "шынайы" формадағы өзге әлем бар. Айнала қоршаған заттың бәрі нақтылы заттардың имитациясы, яки көлеңкесі екен. Философияны оқып-білген күнде барып түпнұсқа заттарды көріп қалуымыз мүмкін.
Мұнымен бітпейді. Платон шал барлық нәрсенің (заттың) бір ғана заттан тұратынын айтыпты. Бұл дегеніміз (оның ойынша), бриллиант, алтын мен иттің нәжісі әртүрлі түрдегі бір ғана базалық заттан тұрады деген сөз. Және жаңа заманның ғылымы аталған теорияның шындыққа жақын болып қалуын жоққа шығармайды.
Презентизм.
Уақыт дегенді өздігінен жүріп тұратын бірнәрсе деп түсінеміз: егер оны біз бір сәттік деп қарастырсақ, жай ғана өткен, осы шақ және келешек деп бөлеміз. Презентизм философтарының айтуынша, өткен, келешек деген жоқ, тек қана осы шақ бар екен.
Басқаша айтқанда, сіздің кешегі күнгі туған күніңіз жоқ нәрсе, бар болып саналмайды және осы бір мақала оқылып болған соң өзінің бар екенін жояды, бар болудан қалады. Ұлы Августин сендіргендей, уақыт бұған дейін және бұдан кейін деп бөлінбейтіндіктен, келешек жоқ нәрсе, өмір сүрмек емес.
Немесе буддист ғалым Федор Щербатскийдің бір сөзімен айта отырсақ: "Өткен күннің бәрі жалған. Келешек те жалған. Барлық бар нәрсе сәттік алдамшы. Ақырында осы сәттегі физикалық барлық (существования) қана шынайы".
Этернализм.
Энтернализм – презентизмнің толық қарама-қарсылығы. Аталған философиялық теория уақытты көп қатпарлы деп қарастырып, оны бисквит тортымен салыстырады (уақытқа қараған бисквит философиялық дау туғызбасы анық). Уақыттың барлық өлшемі біруақытта өмір сүреді, бірақ, белгілі байқаушы қарап тұрған өлшем сол байқаушының қай нүктеден қарап тұрғанына байланысты.
Сонымен, динозавр, Екінші дүниежүзілік соғыс және Леди Гага - барлығы бір уақытта өмір сүреді, алайда, әртүрлі нүктеден көрінеді. Сәйкесінше, келешек үмітсіз детерминдерілген және ерік қалауы - иллюзия.
сурет:listverse.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига