Біздің бұқаралық коммуникация дәуірінде өмір сүріп жатқанымыз күмәнсіз ақиқат. Трюизм ешқашан мұнша айқын болған емес. XXI ғасырда ғаламтор әлемді «жаһандық ауылға» айналдырды. Шындығында, бұл өзгерістің жылдам болғаны соншалық – шексіз ақпаратқа қатардағы азамат қазір қол жеткізе алатынына саясаткерлердің өзі бейімделіп үлгерген жоқ.
«Жаһандық ауыл» ғаламтордан басталған жоқ. АҚШ-та әрбір үйде кем дегенде бір теледидар бар. Егер баламалы ақпараттық шектеу іске қосылса, халық қажет жағдайда сондай «диетаға отырғызылуы» мүмкін. Осы құбылыстың бірнеше графикалық мысалын және оның кейбір салдарын көрсетуге рұқсат етсеңіздер. 1977 жылы алғаш рет америкалық теледидар өз блокбастерлерінің мини-серияларын ұсынды.
Содан кейін, 11 қыркүйек. Телекөрермендер Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасының қирауын қанша рет көрді? Құлаған ғимараттардың, аңыраған адамдардың, батыл құтқарушылардың және қайғырған туыстардың бейнелері америкалықтардың санасында мәңгі сурет болып қалары сөзсіз. Сондай-ақ осы жайт терроршыларға деген ашу-ызамызға, патриотизмімізге, соғысқа баруға әзірлігімізге және өкінішке қарай, кейбір адамдардың мұсылмандарға қатысты негізсіз, таптаурын сенімдеріне қатты ықпал етті.
Иландыру әрекеттері
Біз бұқаралық коммуникациялар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Шындығында, бұған тағы бір қосарымыз бар: біз қазір жаппай иландыруға құлшынған дәуірдің адамдарымыз. Радионы немесе теледидарды қосқан сайын, кітап, журнал, газет бетін ашқан сайын немесе ғаламторға кіре қалсақ, әлдекім бірдеңе үйреткісі, әлдеқандай бір өнімді сатып алуға үгіттегісі, әлдебір кандидатқа дауыс беруге шақырғысы немесе бірдеңенің дұрыс, дәл әрі әдемі нұсқасына жаздырғысы келеді. Бұл мақсат жарнамаларда көрсетіліп тұр: сипаты ұқсас тауар өндірушілері, біз солардың заттарын сатып алуымыз үшін, қомақты қаражатты шығындаймыз. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасалатын ықпал соншалық сорақы болуы тиіс емес.
Мұндай ықпал өте нәзік, тіпті абайсыз істелгендей көрінуі мүмкін. Зорлық туралы фильмнен байқағанымыздай, коммуникаторлар бірдеңені «сатуға» тікелей әрекет жасамаған күннің өзінде, біздің айналаға қалай қарайтынымызға және өміріміздегі маңызды оқиғаларды қалай қабылдайтынымызға әсер ете алады.
Тележаңалықтардың қуаттылығын ескерсек, мынадай сұрақ қойғанымыз дұрыс: теледидардың жаңалықтар бағдарламасы үшін сюжет таңдауда қандай факторлар шешуші болып саналады? Жауап табу оңай емес, дегенмен негізгі фактордың бірі – көрерменді қызықтыру екені анық. Сырттағы біреу емес, Британ хабар тарату корпорациясы директорының өзі тележаңалықтар ойынсауықтың бір түрі екенін айтқан жоқ па? Жақында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, ақпарат бағдарламаларын жоспарлайтындар көрермендерге қандай жаңалықты көрсетіп, қандай бейнежазба қатарын ұсынуды шешпес бұрын, қолындағы материалдың сауық ретіндегі құндылығын ескере отырып шешім қабылдайды.
Футбол матчының теледидардағы картинасы көрнектірек болғандықтан, ол шахмат сияқты бірсыдырғы тыныш ойынға қарағанда жиірек көрсетіледі. Жаппай тәртіпсіздік, бомбалау, жер сілкіністері, кісі өлтіру және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері бір-біріне көмектесіп немесе зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін еңбектеніп жатқан адамдар жайлы жаңалықтарға қарағанда, эфир уақытының үлкен бөлігін иеленуі өте мүмкін. Осылайша тележаңалықтар бағдарламалары лаңкестер, наразылық білдірушілер, ереуілшілер мен полицейлер сияқты жеке тұлғалардың агрессиялық әрекетіне көбірек назар қояды. Өйткені бейбіт және байсалды адамдар образынан гөрі, жанын жұлып жеп тұрғандардікі әлдеқайда көрілімді. Сондай-ақ адамдар негативті шақыруға бейім.
Жақында Роджер Джонсон алты ай бойы ірі және жергілікті желілер таратылымын қоса отырып, телевизиялық жаңалықтар бағдарламаларының мазмұнына талдау жасады. Тарихи ауқым және тарихты зерделеуге кеткен уақыт ауқымы тұрғысынан қарағанда, зорлық-зомбылық, қақтығыстар және адамдар тартқан азаптар жаңалықтарда үстем мәнге ие. Олар барлық ақпараттың 53 пайыздан астамын алады. Сонымен қатар, Джонсон тым қатыгез оқиғалар туралы эфирде бәрінен бұрын хабарланғанын анықтады. Демек, бұл жайт күннің ең маңызды жаңалығы қатыгез оқиғалар екенін нұсқап тұрған жоқ па?
Джонсонның талдауы қарт журналистің «Қансыраған көш бастайды» деген мақалындағы ақиқатты әйгілеп тұр. Ол жергілікті жаңалықтарда «қан-құмарлық» тым өршіп тұрғанын анықтады, онда әдеттегі жаңалықтардың 80 пайызы зорлық-зомбылық пен қылмысты хабарлауға арналған. Осындай күйде ұсынылған жаңалықтар айналамыздың шынайы көрінісі емес екені анық. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарын басқарып отырған адамдардың мейірімсіздігінен немесе бізді алдап-арбағысы келетінінен емес, олардың біздің көңілімізді аулағысы, сөйтіп назарымызды жаулап алғысы келетінінен болса керек. Олар көрермендерді қызықтыра түсуге тырыса отырып, бізге еріктен тыс ықпал етуі мүмкін.
Әрине, кейбір зорлық-зомбылық оқиғалары өте маңызды және ол туралы кеңірек айтқан дұрыс. Бұрын айтып өткенімдей, 11 қыркүйектегі оқиғадан кейін америкалықтардың басым бөлігі теледидар алдында тапжылмай отырды. Олар не болып жатқанын білгісі келді, жағдайдың толықтай құқық қорғаушылар бақылауында екеніне көз жеткізуге тырысты.
Хабардар болу әрқашанда жақсы, ал хабардар етуде бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады. Бірақ оның өзі әсер ету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Дүркінділік әдейі жасалуы да, жасалмауы да ықтимал, дегенмен жиі қайталанып көрсетілетін оқиғалар қарым-қатынас пен пікірді де қалыптастырады.
Көбінесе жаңалықтардан туындайтын қуатты эмоция ұтымды шешім қабылдауға кедергі жасайды. Герман Геринг атап көрсеткендей, Адольф Гитлердің негізгі көмекшісінің бірі өлім жазасына кесілгенде былай деген: «Адамдар әрдайым көшбасшылардың саудаласуына қатыстырылуы мүмкін. Сіз тек оларға шабуыл басталып кеткенін айтып, бітімгершілерді патриотизм мен елге қауіп төндіріп жатқаны үшін айыптасаңыз болғаны. Осы тәсіл кез келген елде оң нәтиже береді».
Дереккөз: "Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе"
Эллиот Аронсон