Адамдардың шамамен 50 пайызы 90 мен 110 арасындағы IQ көрсеткішіне ие болса, 2,5 пайызы ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан (IQ деңгейі 70-тен төмен). Сонымен қатар, дәл осындай пайыздағы адамдардың интеллектісі IQ бойынша 130-дан жоғары, ал 0,5%-ы данышпан болып есептеледі (IQ 140-тан жоғары). Назарларыңызға әлемде IQ деңгейі ең жоғары он адамды ұсынамыз.
* * * *
1. Стивен Хокинг
IQ 160
Бұл осы тізімдегі ең танымал адамдардың бірі екендігі сөзсіз. Стивен Хокинг теоретикалық физика саласы мен Әлем заңдылықтарын түсіндіретін басқа да зерттеулерінің арқасында танымалдылыққа ие болған. Ол 7 бестселлер мен 14 сыйлықтың иегері.
2. Ким Унг-Йонг
IQ 210
Ким Унг-Йонг – кореялық вундеркинд. Ол әлемде ең жоғары интеллект коэффициентіне ие адам ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген. Екі жасында ол емін-еркін екі тілде сөйлей алған, ал 4 жасқа келген шағында қиын математикалық есептердің шешімін таба алған. 8 жасқа толған кезде ол НАСА тарапынан АҚШ елінде білім алуға шақырылды.
3. Пол Аллен
IQ 170
Майкрософт компаниясының негізін қалаушылардың бірі, сөзсіз, өз ақылын байлыққа айналдыра білген ең табысты адамдардың бірі. Байлығы 14,2 миллиард долларға бағаланған Пол Аллен әлемнің ең дәулетті адамдары тізімінде 48-орында.
4. Рик Роснер
IQ 192
Осындай жоғары көрсеткішке ие бола тұра, бұл адамның телеарна продюсері ретінде қызмет атқаратыны ешкімнің ойына да келмесі сөзсіз. Кезінде осы бір данышпан стриптизер де, даяшы да, болып жұмыс істеген екен.
5. Гарри Каспаров
IQ 190
Гарри Каспаров – шахматтан әлемнің ең жас чемпионы. Ол бар болғаны 22 жасында аталған атаққа қол жеткізген. Сонымен қатар, Каспаров әлемнің нөмір бірінші шахмат ойыншысы атағын ең ұзақ уақыт ұстап тұрған адам. 2005 жылы Каспаров өзінің спорттық ғұмырын аяқтайтыны жайлы мәлімдеп, өзін саясат пен жазушылыққа арнады.
6. Сэр Эндрю Уайлс
IQ 170
1995 жылы танымал британдық математик сэр Эндрю Уайлс Фермнің ұлы теоремасын дәлелдеп шықты. Аталған теорема әлемдегі ең қиын математикалық есеп болып саналған болатын. Айта кетсек, Эндрю математика мен ғылым саласында 15 сыйлықтың иегері атанған.
7. Юдит Полгар
IQ 170
Юдит Полгар – 15 жасында әлемнің ең жас гроссмейстері атағын иеленген венгерлік шахматшы (Бобби Фишердің рекордын бір айға басып озған). Юдит пен оның әпке-сіңлілеріне шахмат ойнауды туған әкесі үйретіпті.
8. Кристофер Хирата
IQ 225
Америкалық Кристофер Хирата бар-жоғы 14 жасында Калифорния технологиялық университетіне қабылданған, ал 16 жасында НАСА-да Марс планетасын отарлауға байланысты жобалар бойынша қызмет істеген. Сонымен қатар, 22 жасында астрофизика бойынша ғылым докторы атағын алды.
9. Теренс Тао
IQ 230
Тао өте дарынды бала болған. 2 жасында балалардың көбісі жүру мен сөйлеуді енді үйрене бастаса, ол негізгі арифметикалық амалдарды орындаған. 9 жасқа келген тұсында ол университеттік деңгейдегі математикалық курстарға қатысқан және 20 жасында Принстон университетінде доктор деңгейін алып шыққан. 24-ке келген кезінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің ең жас профессоры болады. Тао жалпы 250 ғылыми жұмыстың авторы.
10. Джеймс Вудс
IQ 180
Америкалық актер Джеймс Вудс өте ақылды студент болған. Ол Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне сызықтық алгебра курсына түскен, содан соң Массачусетс технология институтына қабылданады. Сол жерде ол саясатты актерлікке ауыстыруға бел буған. Оның еншісінде үш Эмми сыйлығы мен екі Оскар номинациясы бар.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: bloggang.com