- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Біртүрлі өнертабыстар...
Біртүрлі өнертабыстар
Қажетке жарамаса да, бір көріп, көз сүйсінтуге болатын өнертабыстар қатары күн санап толысуда. Ерекшелік іздеп, түн ұйқысын төрт бөлген өнертапқыштар ақылға қонбайтын заттар жасап шығарып, ел назарына ұсынады. Бұған дейін жер-жаһандағы төңкерілген үйлер туралы айтып өткен болатынбыз. Бүгінде "біртүрлі өнертабыстарды" ойлап табудан жапондықтар алдарына жан салмай тұр. Кейбір ақылға сыйымсыз өнертабыстардың қолданысқа жарамайтыны шындық... Әйтсе де, адамның қиялына шек бар ма?..
1. Жапондардың жұмысы - "Өн бойыңды жабатын қолшатыр". Суық жаңбырдан дірілдеп, бүрісіп келе жатқаныңда осындай қолшатырдың қорған болатыны рас.
2. Корей дизайнері Джеонның еңбегі. Бұл өнертабыс қолданысқа енгізілсе, супермаркетте сауданың қалай жүретінін көз алдыңызға елестетіңіз. Біздіңше, бұл арба адамдардың көбірек жаяу жүруіне кедергі болатын секілді... Ал сіз қалай ойлайсыз?
3. Май жаққыш қарындаш. Наныңызға майды "желімдейсіз". Майды кәдімгі пышақ не қасықпен жағу бұған қарағанда әлдеқайда тез әрі тиімді сияқты.
4. Тағы да жапондардың өнімі. Метрополитенде ұйықтауға арналған каска. Жапондар еңбекқор халық болғандықтан, автобуста, метрода ұйықтап келе жатқан адамға үлкен түсіністікпен қарайды. Қалжырап, ұйықтап кетсе, демек жұмысты көп істейтін адам. Ал біздің елде қоғамдық көлікте тапжылмай ұйықтап жатқан адам туралы не ойлайды?
5. iPhone 4-ке арналған саусақтары бар қап. Жапондар бұл өнертабыстың жалғызбасты адамдарға үлкен көмек болатынына сенімді. Силиконнан жасалған саусақтар адамның саусақтарынан айнымайды. Өздері әртүлі. Ерлер әйелдердің, әйелдер ерлердің саусақтары бар қаптарды сатып ала алады.
6. Жып-жылы жерде тәтті ұйықтағыңыз келсе, мына қаптың ішіне сүңгіп кетіңіз. Такаюки мен Мачико Ишизава есімді жапондық егіздер ойлап тапқан бұл қаппен көшеде де ұйықтай берсеңіз болады.
7. Тамақты суытуға арналған желдеткіш. Уақытыңыз жетпей жатқанда керек құрал.
Біртүрлі һәм қызықты өнертабыстар туралы сіз не түйдіңіз, оқырман?
Сурет: strannoe.com, russian.china.org.cn, subscribe.ru
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Р. Роза