Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Оның әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл екені баршаға мәлім. Қазіргі қоғамда сол тілде еркін сөйлеуге тырысып, құлшыныс танытушылар саны күн санап артып келеді.
Алайда, біз үйреніп жүрген ағылшын тілі классикалық британиялық нұсқасы ғана екенін, оның өзге де түрлері барын біреу білсе, біреу білмейді. Бұның бірден-бір себебі ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекетте ресми тіл болып саналады.
Түбі бір болғанымен, қос ел мұхиттың екі жағында орналасқандықтан ағылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Полиглот болу жолында тер төгіп жүрген оқырмандарға жиі қолданылатын сөздердің екі түрдегі нұсқаларын ұсынып отырмыз.
Пәтер – flat (брит.)/apartment (амер.)
Адвокат (қорғаушы) – lawyer (брит.)/attorney (амер.)
Жүк - luggage (брит.)/ baggage (амер)
Миллиард - milliard (брит.)/ billion (амер.)
Такси - cab (брит.)/ taxi (амер.)
Компания - company (брит)/ corporation (амер.)
Қала орталығы - city/town centre (брит.)/ downtown (амер.)
Дәріхана - chemist's (брит.)/ drugstore (амер.)
Лифт – lift (брит)/ elevator (амер.)
Күз - autumn (брит.)/ fall (амер.)
Шоссе - motorway (брит.)/ highway (амер.)
Көше қиылысы - cross-roads (брит.)/ intersection (амер.)
Қонақ бөлме - living room (брит.) / drawing room (амер.)
Ұзақ қашықтыққа жүретін автобус - coach (брит.)/ long-distance bus (амер.)
Пошта - post (брит.)/mail (амер.)
Кино - cinema (брит.)/ movies (амер.)
Шалбар - trousers (брит.)/ pants (амер.)
Теміржол – railway (брит.)/ railroad (амер.)
Сатушы - shop-assistant (брит.)/ saleman, clerk (амер.)
Кесте - time-table (брит.)/ schedule (амер)
Футбол – football (брит.)/ soccer (амер.)
Метро – underground (брит.)/ subway (амер.)
Ауыру - to be sick (брит.)/ to be ill (амер.)
Жүк таситын көлік - lorry (брит.)/ truck (амер.)
Назарларыңызға ұсынылып отырған видео-сабақта тұрмыста жиі қолданылатын сөздердің дұрыс дыбысталуын үйретеді.