Кітаптағы оқиғалардың бәрі өмірден алынған. Дегенмен, кей авторлар халық арасында естіген, білгенін жазса, кейбірі қасындағы досының, серігінің, не өзінің басынан кешкендерін оқиға желісіне арқау етеді. Бүгін сіздерге өмірде болған оқиға негізінде жазылған әлем әдебиетіндегі 5 туындыны ұсынамыз.
1. «Шиндлер тізімі» (Список Шиндлера)
Томас Кенэлли
Кітапта автор Екінші Дүниежүзліік соғыс кезінде концлагерь басшысы қызметін атқарған неміс азаматы Оскар Шиндлердің газ камерасынан адамдарды аман алып қалған ерлігін сипаттайды.
2. «Зодиак»
Роберт Грейсмит
Деректі хикая 1966 жылдар мен 1381 жыл аралығында Американы шулатқан, «Зодиак» деген лақап атпен өмір сүрген қанішер кісі өлтіруші туралы. Кітап журналистік зерттеу негізінде жазылады.
3. «Америкалық трагедия» (Американская трагедия)
Теодор Драйзер
Америкалық жазушы Теодор Драйзердің шығармашылығында ең үздік туынды Клайд Графитстің хикаясын баяндайды. Автор: «Ешкім трагедияны қолдан жасамайды – ол өмірдің заңдылығы. Тек жазушылар соны бейнелейді», – деген болатын. Ал, «Америкалық трагедияда» жас жігіттің байлықтың дәмін татып, енді сол ортаға ену үшін еш нәрседен бас тартпайтыны бүгінгі қоғамның да кей мәселесін қозғап өтеді.
4. «Жарға жығатын баспалдақпен жоғары...» (Вверх по лестнице, ведущей вниз)
Бел Кауфман
Бел Кауфман — әлемге танымал америкалық жазушы. Оған атақ-даңқ алып келген дәл осы романы болатын. Роман оқушылар, олардың ұстаздары, қалыптасқан жүйеге қарсы шыққан балалалр мен ересектер туралы. Кітап «Сәлем, мұғалім» деп басталып, «Сәлем, ақымақ!(Зубрилка)» деп аяқталады. Ал, бұл екі ортаны хаттар байланыстырады.
5. (Қарадағы ақ) «Белое на черном»
Рубен Давид Гонсалес Гальего
Кітап біреулер үшін мұңға толы, енді біреулер үшін көңілді көрінуі мүмкін. Дегенмен, Рубен бұл кітап арқылы біз білетін қатыгез әлемге мейіріммен, махаббатпен қарауға мүмкіндік береді.