Биыл Қазақстанда білім гранттарының саны өсті

Биыл Қазақстанда білім гранттарының саны өсті

Биылғы жылы елімізде жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға бөлінетін мемлекеттік оқу гранттарының саны өсті. Сонымен мемлекет биыл 35 053 грантқа тапсырыс беріп отыр. Бұл өткен жылғы мемлекеттік тапсырысқа қарағанда 738 орынға көп деген сөз. 2012 жылы бұл көрсеткіш 34 315 орынды құраған болатын, деп хабарлайды primeminister.kz. 

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі білім беру мен кадрларды даярлау басқармасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Департаментінің басшысы Гүлзат Көбенованың сөзінше, аталған гранттар санының 34 553 күндізгі бөлімге бөлінсе, 500 сырттай бөлімге қарастырылған. 

Сондай-ақ 247 орын халықаралық келісімге сәйкес шетел азаматтарына берілмек. Оның 87-ін Ауғанстан студенттері иеленетін болады. 

Одан бөлек, 200 арнайы орын Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне түсетін түркі тілдес мемлекеттердің талапкерлеріне берілсе, 25 орын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқитын Моңғолия азаматтарына бөлінбек.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bala-kkk.kz

Б. Қосмағамбет