Елімізде 2013 қыркүйек айынан бастап бірінші сыныпта ағылшын тілін оқыту жүйесі енгізілетін болды. Бұл туралы кеше Білім және ғылым министрлігінің сайтында хабарланды.
«2013 жылы мемлекеттік тілді меңгеруге баса назар аударылады. Негізгі мақсат – барлық мектеп түлектерінің қазақ тілін 100 пайыз меңгеруі болып отыр. Қыркүйектен бастап жаңа оқу жылында ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту жүйесіне көшеді. Ағылшын тілін меңгеру үшін жасалған жүйе сатылай түрде жүзеге асады» деп хабарланған министрлік сайтында.
Бірнеше пәнді ағылшын тілінде оқыту тәжірибелік жағдайда іске асырылатын болды. Бұл үшін арнайы мамандар ЖОО-ларда даярланыпты.
Айсина Майра Арапқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі:
- Өте дұрыс! Қазіргі жаһандық заманда бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту бізге пайдалы. Бірінші сыныптарға ағылшын тілінде сабақ беретін мамандар педагогикалық колледждерде бастауыш сыныптарға сабақ беретін арнайы мұғалімдер. Қазіргі ЖОО-ларда ағылшын тілін меңгеруге барлық жағдай жасалған. Ағылшын тілінің қажеттілігі бар болғандықтан мұндай жүйеге көштік.Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: Руслан Ёлкин