- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Биологтар қарғалар туралы...
Биологтар қарғалар туралы қызықты жаңалықты жария етті
Қара қарғалар үш жыл бойы өздерінің жұптарымен қандай қатынаста болғанын миына сақтай алады екен. Сондай-ақ олар бұл болған қатынастың достық немесе дұшпандық екенін де ажырата білетін көрінеді. Мұндай қорытындыға қарғалар тобын бірнеше жыл бақылаған зерттеушілер келіп отыр.
Вена университетінің зоологтары "қарғалар бір-бірімен бірнеше жыл кездеспей кетсе де, олар көрген кезде біріне-бірі соңғы болған қатынасқа сай дыбыс арқылы жауап берген. Оған жауап ретінде басқа қарға да сол қатынасқа сай үн қатады" дейді.
Егер бұрын екі қарға арасында дұшпандық қатынас болған болса, онда олар көрген кезде қатты тұрпайы және ұзақ дыбыстар шығарады екен.
Ал бұрын көрмеген бейтаныс құсқа ол жіңішке төмен тондағы дыбыс шығарған. Бұған дейін осындай эффект жануарлардың басқа да түрлерінен кездескен болатын. Олардың бәріне ортақ бір нәрсе - достық немесе дұшпандық сипаттағы қатынастарға бірдей тондағы дыбыспен тіл қатуы болып отыр.
Бұдан ертеректе биологтар сүтқоректілерден де аралық қатынас жөнінде өзара әр түрлі дыбыстар шығару ерекшелігін анықтаған еді. Енді мұндай дауыстық дифференция ерекшелігі қарғалардан да анықталып отыр.
сурет: nnm.ru
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Б. Қосмағамбет