- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Бейтаныстың күлкісі жалғыздықтан...
Бейтаныстың күлкісі жалғыздықтан құтқарады
"Көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр" - деген қазақта мәтел бар. Бір қарағанда әзіл түрінде айтыла салғандай болып көрінер, алайда, бір сәтке де болса да терең үңіліп қарап көріңізші. Неге дейсіздер ғой? Жақында Пердью университетінің зерттеуші мамандары көшеде кетіп бара жатқан кез келген адаммен, мейлі ол бейтаныс болсын көз арқылы қарым-қатынас орнатуға шақырды.
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, аталған сынаққа ерікті түрде 200-ге жуық адам қатысқан. Және сынаққа қатысушылардың сөзіне қарағанда, бейтаныс адаммен байланыс орнатуға бір ғана көзқарас жеткілікті болып шығыпты... Қазіргі таңда мегаполистің адамдары жалғыздықты қатты сезінеді екен. Себебі, ондағы адамдар бір-біріне сирек қарайтын болуы керек.
Сосын кішкентай қаланың тұрғындары да жалғызілікті болып жүргеннен қатты қашады. Оған себеп, бәрінен шеттеп жүру, яғни осы бір эмоционалды көңіл-күй біріншіден өздеріне үлкен зиян алып келеді. Бірте-бірте адамның иммунитеті әлсіреп, ағза болбырап кеткендей күй кешеді. Осы бір орны толмас күйге ұрыну үшін көп нәрсенің керегі де жоқ екен. Көшеде кетіп бара жатқан бір бейтаныстың сізге назар салмауының өзі шеттетіліп кетуіңізге себеп болып жатса, таңғалмаңыз.
Бұның бәрі зерттеушілердің сөзі. Және сөз соңында қоса кеткілері келетіні, егер адам мен адамның көзі түйісіп қалса, онда өздерінің социумның (қоғамның) ішінде жүргендеріне көздері жетпек.
Сурет:liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига