Белсенді ұстаным: мүдденің артынан дұрыс жүру

Белсенді ұстаным: мүдденің артынан дұрыс жүру

Жолы болғыш адам болғыңыз келе ме? Ісіңіз оңғарылсын дейсіз бе? Онда не қарап отырсыз?! Бүгін біз сіздерге жолы да, қолы да жүргіш адамдар туралы айтқымыз келіп отыр.

Уақыт менің үстімнен қарай алмайды, мен оның үстіне қараймын

Нақтылы жоспарлар мен уақыттың шектеулі болуы адам баласына жағымсыз әсер етіп жатады. Сондықтан кез келген іске қанша уақыт кететін болса, сонша уақытта тындырыңыз. Жылдам әрі тиянақты біткен іс сізді ешқашан жамандықта қалдырмайды. Және артық уақытыңызды ойлану мен ойға алған мақсатқа жұмылдырыңыз.

Айналамдағы адамдарды өзім таңдаймын

Кейбір әріптестеріңіз ақылдан алжастыруы мүмкін. Мейлі ол өзімшіл, бірбеткей болсын, ең бастысы сізге сондай өзімшіл, бірбеткей әріптестер керек! Міне, сондай адамдармен дос болыңыз.

Біреу ұнамай жатса, ең бірінші кезекте оған өзіңіз кінәлісіз. Себебі, мансап пен жеке өмір жолынан бөлек "ішкі әлем" деген де ұғым бар...

Өзіңізбен бірге жұмыс істегісі келетін адам табылады. Бірақ, таңдау тағдырдың қолында. Адалды адал, жаманды жаман, еңбекқорды еңбекқор табады!

Мен – өмірбақи қарыздар жанмын

Өмір бойы барлық іске бірдей үлгеру мүмкін емес. Әрі сіздің ең үлкен ісіңіз – жұмысыңыз. Басында қиын болып көрінер, артында жеңіл болып қалыптасар. Оның бәрі еңбекқорлық пен сабырдың арқасында. Есіңізде болсын, үздік жандар өздерін белгілі бір сыйлыққа лайықтамайды. Керісінше, лайықталады.

Тәжірибе маңызды емес, жетістік – бар нәрсе...

Бір жерде он жыл жұмыс істедіңіз. Бірақ, ол жерде ештеңе тындырып үлгермедіңіз. Онда сіздің болашағыңыз күмәнді. Мәселен, дизайнер болып жұмыс істеген адамнан он жыл бойына қанша сайт жасап шығарғанын, қандай жобаларды қолға алғанын сұрастырады. Ал ол түк те бітірмесе, онда он жыл бойы ең жаман маман болып жұмыс істегені...

Ал жолы болғыш адамдар жүріп өткен еңбек жолдарын әсірелеуге асықпайды. Олар жай ғана қандай істі тындырғандарын, немен айналысқандарын алға тартады. Және қарым-қабілеттерін уақытында көрсетеді.

Сәтсіздіктер – бұл да жетістік, бәрін де болатын жетістік

Қасыңызда жүрген адамдардан олардың жетістіктері туралы сұрап көріңізші. Жауаптары «мен», «менің», «біздер» секілді сөздердің аясында болады. Ал сәтсіздіктеріне келгенде бала күнгі әңгімені алға тартады: «мен өз ойыншығымды сындырып алдым» деудің орнына «менің ойыншығым сынып қалды» - дейді. 

Жолы болғыш адамдардың барлығы да кезінде сәтсіздікке ұшыраған. Және қазір соның арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Олар сіздер сияқты сәтсіздікті бреудің еншісіне байламайды. Керісінше, сәтсіздікті өздерінің мойындарына алып, сәттілікке ұластырады.

Талапты тауға шығады

Қай уақытта болмасын, соны бір істі қолға алыңыз. Бұл сізге тәжірибе мен өзіңізді танытуға мүмкіндік береді. Сіздің алға деген бір қадамыңыз қозғалыс тудырады. Жолы болғыш адамдар өздерін көрсету үшін алға бір қадам жасайды. Ал өте жолы болғыш адамдар бірнеше қадамды бір-ақ аттайды.

Маған жақсы айлық төлеп тұрғанда, менде бәрі де жақсы

Жақсы айлық алып отырған соң жұмысыңызды тиянақты істеуге міндеттісіз. Егер жауапкершілік алып, бір міндетті мойынға көтеріп жатсаңыз – соңына дейін алып барыңыз. Ешкім ойламаған идеяның иіріміне көз жүгіртіңіз. 

сурет:bbc.co.uk

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига