Батылсыздық психологиясы

Батылсыздық психологиясы

Шешімі табылмас көптеген мәселе адамды азапқа салады. Қай жолмен жүру керектігін білмей, дал болып отыратын сәттер көп. 

Кейде түйінді мәселеге бастап барар екі шешім тұрады. Және екеуі де өз алдына тиімді болғаны соншалықты, басты қатырып жібереді.

Әлгі шешімдердің бірде мынауы дұрыс деп, бірде анауы дұрыс деп дүдәмал болып қаламыз: "Бір жағынан алып қарағанда... Eкінші жағына алып қарасаң..." Рас емес пе?!

Осы мәселенің төңірегінде психолог К. Шнайдер мен Амстердам университетінің бір топ ғалымдары зерттеу жасап көрді. Бір айта кетерлігі, зерттеуге өте қарапайым тәсілдер қолданылды: сынаққа қатысушыларды екіге бөліп, оларға төменгі жалақыдан бас тарту турасындағы әртүрлі мақалаларды оқытқан. 

Бірінші топ төменгі жалақыдан бас тарту туралы қаулыны оқыпты;

Екінші топ бұл саладағы келетін шығын мен кіріс көзін қарап шыққан;

Мақалаларды оқу барысында адамдар тензометрлік панелдің үстінде тұрған. Сол арқылы әр топ адамдарының физикалық тербелісі есепке алынған екен.

Анықталғандай, шығыс пен кіріс көзі туралы мақаланы оқыған адамдар екінші топтағы жандарға қарағанда физикалық тұрғыдан көп тербелген болып шыққан. Бұған басты себеп ретінде проблеманың қайткен жағдайда дұрыс шешім табатындығы және қайткен жағдайда дұрыс болатындығын білмеу себеп болған. Сондықтан да болар, шынымен де, осы топтың адамдары бір орында тұрып тербеле бастаған.

Артынша зерттеушілер топ адамдарының мақаланы оқып шыққандағы түйген ойларын сұраған. Бір қызығы, тензометрлік панелдер адамдардың тербелісі азайып, қалыпқа келе бастағандарын аңғартыпты. 

Бірақ, бұл сынақтың да кері тұсы бар болып шықты.

Сынақтың екінші кезеңінде зерттеушілер парк ішінде жүрген адамдарға барып, өздерінің тайнцзы биін зерттеп жүргендіктерін айтып, өз кезегінде би қозғалыстарын орындап берулерін өтінген. Анықталғаны, тербеліс үстінде тұрған адамдар бір жайсыздықты, өздеріне деген қолайсыздықты сезіне бастаған. Ал отырып-тұрған немесе мүлдем қозғалыс жасамаған адамдар бастапқы күйлерінде тұра беріпті.

Бұдан шығатын қорытынды: ақыл-ой мен дене арасындағы кері байланыс өз бағытында жұмыс жасайды деген сөз. Белгісіз бір қиындыққа тап келгенде тербеле бастаймыз. Ал егер біз бір орында тұрып тербелуді жай ғана әдетке айналдырып алсақ, онда қолайсыз сезінуіміздің бір себебі сонда жатқан болып шықты. Ең жаманы сол екен, қиындық сәтінде алды-артқа қарай тербелістің жағдайды тіптен ушықтырып жіберуі мүмкін деген де күдік бар көрінеді.

сурет:voxpopuli.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига