Ай бетіндегі жұмбақ объект кімдерге тиесілі?

Ай бетіндегі жұмбақ объект кімдерге тиесілі?

Ай бетінен көрінген жеті жарық нүктеден құралған түсініксіз объект ғалымдар үшін үлкен жұмбаққа айналып отыр. Олардың көпшілігі объектіні бөгдеғаламшарлықтардың ғарыш кемесі, не болмаса олардың Айдағы базасы болуы мүмкін деп болжайды.

Зерттеушілер арасында біраз дау туғызған үшбұрыш формасындағы жұмбақ нысан тұңғыш рет Google-дың Айға арналған картасынан байқалған. Көпшіліктің оны бөгдеғаламшарлықтардың кемесі немесе базасы деп санауына оның формасы емес, керісінше нысанның айналасына шоғырланған жеті бірдей жарық шашқан шамдар болып отыр. Айдың бетіндегі екіжақты болып келген үшбұрышты жұмбақ нысан WowForReeel атымен танылған зерттеушінің арқасында табылды. Кейін ол жаңалығын Youtube видеоресурсына жүктеген.

1

2

Қызықты нысанды алғаш байқаған әуесқой астроном қолданушыларға оның шынында да бар екендігіне нақты дәлел келтіріп отыр. Оған көз жеткізу үшін Google Moon картасынан 22042'38 0,46 N және 142034'44 0,52 E координаталық нүктелерін терсеңіз жеткілікті.

«Бұл кратер немесе басқа бір нәрсе ме?-деп сұрайды ол. – Жұмбақ объект шындығында Ай бетінде орналасқан, бұл қолдан жасалған бейне емес, бірақ оның не екенін түсінсем бұйырмасын. Мен бұрын-соңды мұндай нәрсені кратер бетінен көрген емеспін».

Бір қызығы, дәл осындай объектіні тағы да бір әуесқой астроном Жер бетіндегі Антарктида маңында байқағанын айтып отыр. Ал уфологтарға (бөгдеғаламшарлықтар мен олардың өмірін зерттейтін ғалымдар) мәлім, дүниенің дәл осы тұсы аномалияға толы аймаққа жатады.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: fedpost.ru

Б. Қосмағамбет