Ауылдағылар түсінбейтін 9 жұмыс орны

Сіздің мамандығыңыз қандай? Не болып жұмыс істейсіз? Жаңа ғасырда жан баласының жұмысы да күрденеліп, әртүрліленіп бара жатыр. Мәселен, Еуропада жақында ғана алынған бір сауалнамада көпшілік ата-ана өз балаларының не жұмыс істейтінін, жалпы, не істеп жүргенін түсінбейтіндерін айтқан.

Жаңа жұмыс түрлерін ұсына кеткіміз келеді:

1. Инвестицалық банк иесі

Мамаңыздың тілімен айтқанда, ақшасы бар жандармен бірге компания құрып, облигация шығарып, акцияларды сатып алатын жұмыс түрі. 

2. Команданың спорт менеджері

Мамаңыздың тілімен айтқанда, команданың жеңісін тілеп, жаттықтырушылар мен ойыншыларды басқарып, практикасын ойластырып, ойын уақытында шешім шығаратын жұмыс түрі. 

3. Қоғаммен байланыс менеджері 

Мамаңыздың тілімен айтқанда, клиенттің жақсы көрінуіне жол ашып, сұхбаттары мен БАҚ құралдарындағы қатысты ақпараттарды реттестіріп, қадағалауға көмектесетін жұмыс түрі. 

4. Радиобағдарлама

Мамаңыздың тілімен айтқанда, радио-шоуларды қадағалайтын немесе музыка таңдап, қонақтар мен хабарласушыларды шақырып отыратын жұмыс түрі. 


5. Социолог

Мамаңыздың тілімен айтқанда, сіз сұхбаттасулар мен сауалнамалардың арқасында адамдардың сенімін, мінез құлқын танисыз. 

6. Sub редактор

Мамаңыздың тілімен айтқанда, сіз кез келген басылып шығатын немесе интернет бетіндегі оқылатын жаңалықтарға тақырып пен сурет қоюға көмектесесіз. 

7. Әлеуметтік Медиа-менеджер

Мамаңыздың тілімен айтқанда, сіз Facebook пен Twitter секілді медиа-платформаларды компания атынан сөйлесу үшін пайдаланасыз. 

8. Мағлұматтарды анықтау

Мамаңыздың тілімен айтқанда, сіз әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жеткен мәліметтерді саралап, түпкі түйінін тауып бересіз. 

9. Актуарий (сақтандыру жарнасын есептеуші маман)

Мамаңыздың тілімен айтқанда, сіз статистиканы қолдана отырып, алдағы іс-әрекеттің күмәнді тұстарын анықтайсыз. 

* * *

Жаңа жұмыс түрлері сізге ұнай ма? Қайсысына тұрар едіңіз?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: lookatme.ru; businessinsider.com