Сенім орнататын 8 зерттеу жұмысы назарларыңызда. Зерттеушілер-ғалымдар ұсынуда:
* * *
1. Проблема қаншалықты қиын болса, соншалықты тез атқарылады
Гарвард университетінің психологы Дэниел Гилберт адам баласы кішкене реніштерге қарағанда, үлкен ауыр сындардан соң бірден өз-өзіне келеді деп түсінеді.
2. Қиындықтар (жағымсыз жағдаяттар) шын мәнісінде көз алдымызға елестеткендей емес
Қорқынышты болып көрінетін сыры – кісі баласында эмоциональды тәжірибенің жетіспейтіндігі. Дамыған жаңа заманда эмоциональды әлсіз жандардың қатары көбейіп келе жатыр.
3. "Төмпештеген нәрсе төбеге көтереді"
Ғалымдар ауыр сындардан өткен адамдардың рухы өр, тәні бекем жандар екенін алға тартады. Ал күрделі жағдайларға тап болмаған адамдар күйгелек келетін болып шықты.
4. Трагедия талантыңызды ашады
Кейде ауыр сындардан өту арқылы, адам баласы даралана, күрделене түседі. Өйткені, кейбір зерттеулерде қайғылы жағдайлардың адам баласына позитивті әсер ететіндігі айтылады. Мысалы, теракт жасалса, өмірге тәубеңіз арта түседі, індет келсе, жақындарыңыз үшін қам жей бастайсыз.
5. Атақты болуыңыз ата-анаңызға байланысты
Жеткен жетістіктің қанға, тұқымға, ата-анаға еш қатысы жоқ. Табиғи дарынның кемдігі мақсатыңызға жетуде қаншалықты кедергі келтіріп жатады? 95 пайыз жағдайда табиғи дарын еш қатыссыз.
Әйгілі зерттеуші Бенджамин Блум атақты адамдардың өмірін зерттеп көрген. Олардың арасында пианист те, Олимпиада чемпионы да, математик те, ғалым да, ақ-қарасы, әр саладағы мықтылар болған. Солардың көпшілігіне балалық шағында үлкен үміт артыла қоймаған және талант қырлары өздерінің таудай талап пен табандылықтарының арқасында, оқу-ғылымның көмегімен келген.
Кез келген адамға керекті жағдай жасалар болса, кез келген саланың білгіріне айналып шыға алады.
6. Бақытты болу үшін ұтыс ойнаудың қажеті жоқ
Өмірде бақытты адамдардың өміріне зер салып, мұқият қарасаңыз, олардың өміріндегі ерекше қуанышты сәттердің бақытсыз адамдардікінен аз екендігін көресіз.
Зерттеушілер студенттер арасында сынақ өткізіп көріпті. 10 пайыздық эмоцианалдық есептеуіш арқылы көңіл қуаныштарын есептеп көрсе керек. Нәтижесі: бақытты студенттердің өмірінде бақытсыз студенттерге қарағанда аз қуаныш орнап, ерекше сәттер мүлдем сирек орын алып тұрған.
7. Өзгелерге көмектескеніміз, өзімізге көмектескеніміз
Адамға қол ұшын беруден гөрі, көңілін демеп қою әлдеқайда артық әсер ететін болып отыр. Жылы сөз жан баласын қуанышқа бөлеп (ата-анасы баласына), басы артық бақыт сыйлайтын көрінеді.
Ұстаз арқаға қаққан шәкірттің көпшілігі өз дегендеріне жетіп, ақылман болып шығады екен. Дүниені жалпағына басқан жандардың көпшілігіне кезінде қолдау көрсетіліп, демеу білдірілген.
8. Үміт пен үмітсіздік
Зертханаға әкелінген әскердің қан құрамы ағзаның стресске ұшырау салдары шын оқиғаның жан түршігерлігінен емес, әскердің сол оқиғаны қалай қабылдауында екенін анықтап берді.
Сенім мен үміт болмаған тұста, біздің жетістікке жете қоюымыз екіталай. Ал егер үміт пен сенімді серік қылар болсаңыз, миыңыз (қулықпен жұмыс істейтін бөлік) қосымша энергия көзін құйып, келешекке көзіңізді аша түспек.
Үміт пен үмітсіздік - өздігінен орындалмайтын бұйрық...
* * *
Өзгелерге көмектескіңіз келе ме? Өміріңізде ерекше сәттер орын алып тұра ма?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: dailymail.co.uk