Астанадағы ең бірінші жылытқыш аялдама

Еуразияның хақ төрінен орын тепкен, зәулім үйлері мен сәнді Есілі бар Астанаға енді жылдың төрт мезгілінде де қорықпай сапар шеге бересіз. Яғни 2012 жылдың аяғына қарай Астанада жылытқышы бар аялдамалар пайда болады. Бұл туралы бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Рашид Аманжолов мәлім етті.

Бұл дегеніміз мектеп бітіріп, білім іздегелі отырған түлектерге де жақсы жаңалық. Себебі, жыл сайын көптеген мектеп бітірушілер Астананың ауа-райына байланысты ел ордада оқудан бас тартып жататын. Енді 45-50 градус суықта да оқуға емін-еркін барып-келіп жүруге мүмкіндік туады деген сөз. 

Ең бірінші қуанған қала жұртшылығы. Қыстың күні балаларының жүріп-тұруы мұңға айналатын астаналықтар біршама қиындықтарға тап болатын. Қолы жеткендері көлік шақырып, қолы жетпегендері қыс бойы үйде отырып шығатын. 

Бәрін айт та бірін айт, инженерия саласындағы мамандар күні-түні тынбай тіршілік етуде. Күрделі мәселе болып келген істің мұншалықты тез шешілуі бәрін қуантуда. 

Сурет:positime.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт