Қазақстан Респубикасы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Қайсар Муғаловтың мәлімдеуінше, жаңа заңға сәйкес Жоғары оқу орындарында әскери кафедраны аяқтаған студенттер "запастағы лейтенант" атағын алатын болады. Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын әскери кафедра түлектеріне "запастағы сержант" атағы берілетін.
Сонымен қатар Муғаловтың хабарлауынша, жаңа заңға сәйкес мамандырылған оқу орындары - әскери-техникалық мектептер де ашылатын болады. Аталған мектептерде жастар ақылы немесе Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша білім алады. Ағымдағы жылдың күз мезгілінде осындай мектептерге қабылдау жүргізілетін болады. Мұндай мектептерді құрудың басты мақсаты - моблизациялық қор құрамын арттыру болып саналады.
Мұндай мектептерде 22-27 жас аралығандағы жастар оқи алады және олар мектеп бітірісімен автоматты түрде резервтегі әскер қатарына көшіріледі. Оқуға түспекші талапкерлерге денсаулығы, білім деңгейі және мамандығы бойынша талаптар қойылады.
Қазіргі таңда әскери күш қатарында болу конкурсында бір орынған 7 үміткер бақ сынайды. Мұндай бәсеке әскери-техникалық мектептерде де болады деп күтілуде.
Сурет: vsemura.ru