- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Арабтар жазуы оңнан...
Арабтар жазуы оңнан солға қарай жазылу себебі
Арабтар шумер, аккад тайпаларының жазуы негізінде оңнан солға қарай жазады. Ал біз бірнеше рет ауысқан әліпби негізінде, кезінде оңнан солға қарай араб қаріптерімен төте жазу үлгісінде жазып, қазір қайтадан солдан оңға қарай кирил әріптерімен жазамыз.
Біз солдан оңға қарай, ал арабтар оңнан солға қарай жазуының себебін ойланып көрдіңіз бе? Бұл өте қызықты әрі күрделі сауал. Оған қаншама ғалым бас қатырып, шеше алмаған. Ізденістер нәтижесінде зерттеушілер бірнеше нұсқа ұсынды.
Бірінші, араб әліпбиі ең көне жазулардың бірі. Бар жазудың атасы – суретті белгілер мен таңбалар екенін білеміз. Тасқа қашап жазғанда оңнан солға қарай жазу ыңғайлы болған.
Екінші. Тасқа қашап жазатындардан кейін папиросқа, қағазға жазатындар ішінде бертін келе көркем жазумен ауызбен айтқанды қағазға түсіріп алушылар, көшіріп жазушылар пайда болды. Оларға оңнан солға қарай жазу да, солдан оңға қарай жазу да ыңғайлы болды.
Үшінші нұсқасында қоғаға, папиросқа жазғанда қол көлеңкесі түсіп, кедергі келтірмес үшін оңнан солға қарай жазылған делінеді.
Әлі шешімін таппаған даулы сауал төңірегінде сіз қандай ойдасыз, оқырман?
@. @assel_assanova