Әр адамның тұла бойында 400 генетикалық мутация, яки өзгеріс ере жүреді. Бұл туралы Süddeutsche Zeitung хабарлап отыр.
Соның ішінде екеуі тікелей ауру-сырқаумен байланысты болып шықты. Басылымның сөзіне сенсек, зерттеушілер 179-ға жуық сау адамның генетикалық кодын зерттеуге алып, артынша оларды ауру тудыратын немесе тудырып келген мутациялармен салыстырып көрген.
"Енді біздер сау адамдардың өздерінде де зақымданған және дезактивацияланған белокты түзілімдердің бар екенін анықтап отырмыз. Бір қуаныштысы, аталған түзілімдердің денсаулыққа кері әсері жоқ екен" - деп мамандардың бірі өз ойын ортаға салыпты.
Және басылым генетикалық өзгерістен келетін аса бір үлкен қауіптің жоқтығын ескертеді. Өйткені, генетикалық мутация әр күн сайын өзгеріп отыратын сыңайлы...
сурет:marina-dorih.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек