Дәлел. Шахмат ойнағаннан гөрі, суреттерді қарап шығу қиынға соғады. Себебі, белгілі бір нысандарды көзбен шолу қиынның-қиыны емес пе?! Кішкене нысандарды қарап тұрып, басқа нысанмен шатастыруға да болады. Мәселен, даңғыл жолдың бойында тұрған адамның дене-бітімі бір қарағанда жол ережесінің белгілері сияқты.
Дәлел. Адам өзіндегі мидың 10 %-ын ғана қолданады. Бұған келісеміз бе?! Адам күніне өз миына салмақты барынша түсіріп, қабілеті жеткенше атқаруға тырысады. Зерттеулер көрсеткендей, жай ғана қарапайым тапсырманың өзінде, адамның бүкіл ми бөлігі іске қосылады екен.
Дәлел. Есінеу мидың оянуына пайдалы. Оны көбіне ұйқының аздығы мен шарашағандыққа сайып жататынымыз бар. Шындығында, есінегенде адам миы оянады. Есінеу кезінде тыныс алу жолдары кеңейіп, көбірек оттегі қабылданады. Содан барып қанға өтіп, сергектік береді.
Дәлел. Соқырлар жақсы естиді. Ғылымда дәлелденді. Соқырлар ең әлсіз деген дыбыстарды басқаларға қарағанда жақсы естиді. Оларда есту мен есте сақтау қабілеті жақсы артқан. Олар тағы да шет тілдерінің мағынасын да жете түсінеді және дыбыстың шығу ортасын дәл анықтайды.
Дәлел. Компьютер ойындары бірнеше істі бір уақытта атқаруға көмектеседі екен. Оған әр түрлі ойындар себеп болып шықты. Мысалы, соғыс ойындарында жан-жақтан келген жаулардың көп бөлігін өлтіру міндеттеледі. Содан болар адам кез келген жағдайға дайын тұрады.
Аңыз. Қаншалықты ми болса, соншалықты ақыл. Мидың мөлшері адамның ойлау деңгейіне әсер ете алмайды. Барлығы нейрондар аралығындағы қызметке байланысты. Мұндай қызмет балалық шақтан өтерде, ақыл-ойға өзгерістер алып келеді.
Дәлел. Жаттығулар миды өз арнасында ұстайды. Спортпен күнделікті айналысып тұру қан құрамындағы оттегінің көбеюіне алып келеді. Және спортпен шұғылданғандар кеш қартаяды. Сол үшін де әр 30 минут аралығында дене жаттығуларын жасап тұрыңыз.
Дәлел. Адам миы тоңазытқыштағы жарықтан да аз қуат жұмсайды. Мидағы хабарламалар электрлік дабылдармен жетіп тұрады. Әр барғанына 12 ватт энергия жұмсалады.
Аңыз. Моцарттың әндері балаларды ақылды қылады. Аталған әфсана 1993 жылдары Nature журналында пайда болды. Онда Моцарт әндерін тыңдаған студенттер бақылау жұмыстарын жақсы жазған екен. Бұл ақпарат содан алып-ұшып отырып, БАҚ-қа бірден жетеді. Сол жерде «студент» дегеннің орнына «кішкене балалар» ұғымы ауыстырылған. Алайда, содан бері аталған ақпарат расталмай келеді.
Дәлел. Жаман әнді ұмыту қиын. Ми адам баласының күні бойғы қызметінің өту тәртібін біледі. Таңертеңгі кофе ішкеннен бастап, кешкі жұмыстан қайтар жолға дейін. Мұндай есте сақтау қабілеті адам баласының өмірін қалыптастырады. Мидың жарты бөлігі естіген әнді өзінде сақтап, жиі еске салып тұратын болып шықты.
Форумда талқылау
Сурет: fontov.net