- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Антарктиданың батыс беткейі...
Антарктиданың батыс беткейі ғалымдар күткеннен де жылдам еруде
Бірде-бір тұрақты тұрғыны жоқ жалғыз, мәңгілік мұз басқан материк Антарктида ғалымдар есебінен екі есе жылдам қарқынмен еруде. Осындай қорытындыға мұздықтарды зерттеумен айналысып жүрген National Science Foundation ұйымы келіп отыр.
Температураның өзгеруін қадағалап отырған Бэрд станциясы материктің жылдық орташа температурасы 1958 жылдан бері 2,4 Цельсий градусына жоғарылағанын айтады. Ал батыс беткейдегі температура әлемдік жылынумен салыстырғанда тіпті үш есе көп.
Антарктиданың осылайша тез еруі әлемдік мұхит деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Ғалымдардың сөзінше, мұзды құрлықтың дәл осы батыс беткейінің еруіне әлемдік жылыну да өз септігін тигізуде. Яғни жылынған ауа мұхит ағыстарының температурасын жоғарылатуда. Ал ол өз кезегінде Антарктиданың батыс жағалауын шайып жатыр.
Қазірдің өзінде батыс Антарктида мұзының еруі әлемдік мұхит суының жылына 0,3 мм-ге көтерілуіне себепші. Батыс Антарктида мұздықтары еруі жағынан тек Гренландиядан қалып отыр. Ондағы мұхит суы жылына 0,7 мм -ге көтерілуде.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: argentina.intertravel.ru
Б. Қосмағамбет