- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Америкалықтар ойлап тапқан...
Америкалықтар ойлап тапқан қолробот
Америкалық нейрохирургтер мен инженерлер сал адамдардың өмірін жақсарту жолында үлкен қадамдарға барды. Ол қадам - зерттеу. Олар жасап шығарған чип немесе интерфейс ми-компьютері 15 жыл бойына тән азабын тартып жүрген әйелге көмектесті. Айта кетері, аталған құралды басқару үшін бір ғана ой қуаты (кез келген ой) жеткілікті болып шықты.
Бұған дейін осы іспетті зерттеулер маймылдарға жасалып келген болатын. Енді, міне, зерттеу барысы адамға керек ми имплантатына дейін жетті. Ескере кетерлік мәселе, адам мен компьютер арасындағы байланыс жаман емес көрінеді.
Браун университетінің ғалымдары зерттеуге Кэти мен Боб есімді екі адамды өз еріктерімен сынаққа қатыстырған. Екі азаматтың да денелері істен шығып, иесіне бағынбай жансыз қалып, инсульт ауруына ұшырағандарына біршама уақыт болған.
Нейрохирург ғалымдар роботтандырылған қолдың өз кезегінде жұмыс істеуі үшін адамның басындағы ми қатпарларына қондырғы орналастырған. Әлгі қондырғылар адамның шашы сияқты мыңдаған электродтардан тұрған. Содан барып имплантаттық чиптер ниронның белсенділігін анықтап, копмпьютер белгілі бір істі жүзеге асырудың жолын қарастырған.
Сурет: news.mail.ru
Л. Лига