Мыңдаған адамдардың позитивтік статусын оқып болған соң, адам өз өміріне аз қанағаттанып, көңілі еш толмайтын болып шықты. Бұл туралы Росбалт хабарлап отыр.
Испандық зерттеушілердің анықтауынша, адамның виртуалды досы қаншалықты аз болса, соншалықты бақытты бола алады екен.
Зерттеушілердің сөзіне сенсек, адамның әлеуметтік желіде достары көп болған сайын, сол адамдардың өз өмірлеріне көңілдері толмай, еңселері жиі түсіп жүреді. Мәселен, өзіңізді алып қараңыз, ең кемі дегенде 354 досыңыз бар шығар. Ал ендеше...
Әңгіменің бар мәнісі - әлеуметтік желінің шындықпен еш үйлеспейтін жарқын өмірді өзге адамдарға тарту етіп қойғандай сыңай танытуы. Сол үшін де көптеген адамдар достары, құрбы-құрдастары жазып қойған статустарды оқып отырып, өз өмірлерінен тұрақты ешнәрсе таппай, жалғыз өзі ғана бақытсыз болып жүргендей әсер алады. Содан барып өмірге деген өшпенділіктері достарына ауып, мағынасы жоқ өмірден мазалары қашады.
Бүгінгі таңда білікті психолог мамандар тізімде тұрған "артық" достарды алып тастауды кеңес етеді. Себебі, виртуалды отырғандардың көңіл-күйге жағымды әсер ете бермейтін кездері болса керек.
Дайындаған: Фараби Бақыт