Әлеуметтік желі қолданушыларының 11 түрі

Әлеуметтік желі қолданушыларының 11 түрі
Фото: adaptingsocial.com

Әлеуметтік желілер мәселесінің тереңге кетуі «псевдосана» деңгейінде тұлғаның екіжүзділікке ұшырауына алып келеді. Бұл термин виртуалды қарым-қатынасқа қатысты қолданылады: адамның нағыз санасы шынайы өмірде, ал «псевдосанасы» әлеуметтік желілердің аккаунттары шеңберінде әрекет етеді. Басқа тұлғаға еліктеп, әлеуметтік желідегі өз шынайылығын әрлей отырып, адам өзінің «псевдосенімін» белсенді түрде дамытады. Егер мұндай іспен шамадан тыс айналысса, нағыз сана мен нақтылықты қабылдау «бұлыңғырланады» да, адамның әрекетін «псевдосана» басшылыққа алады.

Әдетте мұндай жағдайларда әлеуметтік желілерде бір тұлға жеткіліксіз болады да, жаңалары қосылады: олардың жасы, жынысы, әлеуметтік тобы және т.с.с. басқа болады. Дәл осы жайт ақырында нақты тірі тұлғаның екіжүзділікке ұшырауына алып келеді.

Мені әлеуметтік желі қолданушыларының бірнеше түрі болатындығы бұрыннан толғандыратын. Олардың нақты қандай екендігін Винчестер университетінің зерттеушілері анықтады. Олар әлеуметтік желілерге тәуелділіктің қаншалықты маңызды екендігін анықтап, қолданушылардың бірнеше түрін ажыратты. Сынақ нәтижелері «The Telegraph»-та жарық көрді. Сонымен, әлеуметтік желі қолданушыларының тұлғасы келесідей болады:

1. Шырғаланған

Шырғаланған немесе өте тәуелді қолданушылар. Олар әлеуметтік желілерді отбасымен және достарымен негізгі байланыс арнасы деп қарастырады. Әлеуметтік желі парақшаларына кіру мүмкін болмаған жағдайда негатив жауап қайтарады. Ал кіруге күштеп рұқсат етпеу олардың өздерін оқшауланған күйде сезінуіне алып келеді.

Кейбіреулері әлеуметтік желіден бас тартқанда, алғашқы бірнеше күнде мазасыздық пен тастанды күй кешеді. Бас тарту кезінде маңызды ақпарат немесе әңгімені жіберіп алудан қатты қорқады.

2. Теріске шығарушылар

Теріске шығарушылар — бұл әлеуметтік желілер олардың өмірін бақыламайды деп есептейтін қолданушылар. Олардың ойы өздері қалаған кез келген уақытта тәуелдігін қоя алатындықтарына сенімді болатын қарапайым маскүнемдер мен нашақорлардың ойына ұқсайды.

Теріске шығарушылар әлеуметтік желілерсіз оңай өмір сүре аламыз деп те ойлайды. Бірақ шынайы өмірде өздерінің сүйікті блогтарына ұзақ уақыт бойы қол жеткізе алмаған жағдайда олар бас тарту синдромын бастан кешіреді — ашулы, агрессив күйге түсіп, өздерін басқа әлемнен бөліп тастағандай сезімде болады.

3. Тұрақсыздар

Қолданушылардың тұрақсыз түрі өзінің парақшасын сирек, бірнеше күнде немесе тіпті аптада бір рет қарайды. Хабарламаны да сирек жазады, қабырғаға жазбаларды тіпті, сирек салады.

4. Күнәсіз бикештер

Әлеуметтік желілерге күн сайын көптеген адам тіркеледі. Олар қандай да бір әлеуметтік желіні игеру барысында қиындықтарға да жиі тап болады. Оларда жаңа достар желісі пайда болғанша оларды «маған осы шын мәнінде керек пе?» деген сұрақ жиі мазалайды.

Алғашқы айлар олардың әлеуметтік желіде қалуы үшін: мүлдем кете ме, тұрақсыз бола ма немесе уақыт өте келе шығырланғандарға айналатындығын шешуші болады.

5. Бақылаушылар

Бақылаушылар өмірдегі сияқты қандай да бір істерге сирек қатысады. Олар оффлайндағы достары мен туыстарына әлеуметтік желіде қандай бос сөздер жазылатындығы жайлы шағымданады. Бірақ жүрегінің түбінде қызық ештеңе айта алмай, қолынан басқалардың өмірін бақылау ғана келетіндіктері үшін алаңдайды.

6. Тауыстар

Бұл әлеуметтік желілерге басқалардың алдында мақтанып, барлығына (ең алдымен өздеріне) өздерінің қаншалықты сүйікті және танымал екендіктерін көрсету мүмкіндігі ретінде қарайтын өзін-өзі сүйетін, нәркес және демонстрациялық тұлғалар. Ережеге сай, олар өзін-өзі бастан сипауға, яғни, өздеріне лайк басуға бейім келеді.

Олар өздерінің әлеуметтік жағдайын виртуал достары мен лайктар санына байланысты пайымдайды, ал олардың әр хабарламасының мақсаты – қасындағылардан көбірек құрмет жинау.

7. Елестер

Әлеуметтік желілердегі кей қолданушылар бейтаныс адамдарға өздерінің жеке бастарына қатысты ақпаратты ашуға қорқады. Сол себепті олар анонимді болып қалуға мүмкіндік беретін ойдан шығарылған аттарды құрастырады.

8. Бүркенушілер

Кей адамдар үшін желіде анонимді болу жеткіліксіз. Олар өздеріне әртүрлі бірнеше виртуал тұлғалар құрады және олардың шын тұлғасын ешкімнің білмейтіндігіне сенімді болады. Әлеуметтік медиа-платформалар оларға теңдік алуға және басқалардың оларға қалай жауап беретіндігіне алаңдамастан, өздерінің сыни ойларын айтуға мүмкіндік береді.

Ережеге сай, мұндай адамдарда ұқсастықтың диссциативтік бұзылуы, яғни көптік тұлғаның бұзылуы немесе тұлғаның екіжүзділенуі тіпті, ажырауы байқалады. Ал кей жағдайлар әлеуметтік желілерде құрылған виртуал тұлғалар негізінде бірнеше тұлғаның дамуына (эгокүйлер) алып келуі мүмкін.

9. Сұраушылар

Квизерлер — әлеуметтік желілерде жауапты білгілері келгендіктен емес, бұл оларға әңгіме құрып, талқылауға қосылуға мүмкіндік беретіндіктен әрдайым сұрақ қойып отырады. Бәлкім, оларды өз ойларын айтқандығы үшін күлкіге қалудан қорқуы мүмкін. Сондықтан сұрақ қою оларға талқылауға еш қиындықсыз қатысуға мүмкіндік береді.

10. Ақпарат таратушылар

Ақпарат — бұл әлеуметтік медиалардың валютасы. Егер сіз қызық нәрсені бірінші болып көрсеңіз және оны жіберсеңіз — бұл сіздің мәртебеңізге қызмет етіп, сізге виртуал достар мен жазылушылар қосады. Ақпарат таратушылар жаңа тарихтар, қызық бейнежазба және т.с.с. іздеуде әлеуметтік медиалар мен жаңалық сайттарын сканерлеуді жақсы көреді және олармен өз аудиториясымен бірінші болып бөлісуге асығады.

11. Қолдау күтушілер

Бұл топ өз хабарламаларына қанша лайк, пікір және репост алатындықтарына қатты алаңдайды, себебі, бұл қолдау мен танымалдықты білдіреді. Олар хабарлама жіберген соң кері байланысты қайта-қайта тексеріп, адамдар жауап қайтарғанша тыным таппайды.

Дереккөз: Инернет психологиясы
Патрисия Уоллес

Massaget.kz