"Соғыс". Теңіз күшін зерттейтін осы бір америкалық бөлімше кез келген басқа бөлімшерден оқ бойы дараланып тұр. Себебі, олардың ешкімге ұқсамайтын, өз алдына бір дүние іспетті кемесі бар. Аталған океонографиялық жабдық Flip платформасының суда жүзетін түрі іспетті. 1962 жылы Фред Фишер мен Фред Списсомның арқасында дүниеге келген айналғыш кеменің зерттеу жолында ашқан жаңалықтары жетерлік.
Бұл платформа Калифорния университетінің океонографиясында жасалып шыққан. Флипті толықтай кеме деп айтуға келмейді. Соған қарамастан зерттеушілер мен мамандар өздері қалаған уақытта жұмыс істеп, еркін жүріп-тұрып үйренген. Бір сөзбен айтқанда, осы бір үлкен бакен керемет қасиетке ие. Қысқасы, айнала алады.
Кеменің ұзындығы - 108 метр. Ұзына-ұзын бойында кішкентай жіңішке бөлмелер орналасқан. Өз уақытында сұйық қоймасы ауаға толып тұрса, онда Флип көлденең бағытта орналасады. Ал сұйық қоймасы қатты жел соғып жатса (суға толып тұрған жағдайда) теңіз бетінің су деңгейімен теңеседі. Сөйтіп қатты желде міз бақпай тұра береді. Сосын кеменің әр каютасында бөлмеге кіріп-шығу қиындық тудырмас үшін екі есіктен орналасқан.
Флиптің соғылуындағы мақсаты: теңіз бетінің су деңгейін, акустикалық сигналдарды, су температурасын және тығыздығын анықтау. Бір қызығы бұл кемеде қозғалтқыш жоқ. Акустикалық құрал-жабдықтарға зиян тимеуі үшін алдын-ала ойластырылған болатын. Осы жерге тіркеп әкеліп, орналастырып кетеді.
Кеме деген аты шыққалы бері осынау зерттеу орталығы көптеген маңызды жаңалықтар ашты. Соның ішінде су айналмасын, сейсмикалық толқындардың ауысуын, атмосфера мен температура арасындағы байланысты, теңіз жануаларының шығарған дыбыстарын анықтап келеді.
Суреттер: billionews.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт