Көпшілікке беймәлім болар, Таяу Шығыс тұрғындарының басым бөлігі жазуда араб қарпіне қарағанада латын қарпін жиі пайдаланады. Араб тілі, бірақ латын қарпімен жазады. Бұл ежелгі араб қарпінің өлетінін білдіреді ме?
Соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, араб тілі мен қарпіне де ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ бұлай басқа мыңдаған кіші тілдер жайында айта алмаймыз. Сол тілдер ақпараттық заманда жойылып кетеді. Ғалымдардың пікірінше жеті мың тілдің ішінен 96%-ы телефондарда, планшеттерде және дербес компьютерлерде пайдаланылмайды. Әлемдік ғаламтор үшін олар мүлдем жоқ. Кезінде астероид динозаврларды жойып жібергендей, Интернет тілдердің басым бөлігін жойып жібереді.
ЮНЕСКО-ның ғылыми қызметі аясында Әлем тілдері атласы жүргізіледі. Сол бойынша жойылып кетуі мүмкін тілдер қатарында 2471 тіл бар. Тілдің жойылуын анықтайтын көрсеткіштер биологиялық түрдің жойылуы секілді есептеледі. Ғалымдар бұл тілдің қанша адам үшін ана тілі екенін, сөйлеушісінің санын анықтайды. 2013 жылы «Тілдердің сандық өлімі» атты ғылыми еңбек жарияланды. Ол мақалада венгерлік математик және лингвист Андраш Корнай Интернетте және электронды құрылғыларда қай тілдер өлетіні туралы жазған.
Ғалымның пікірінше тілдің жойылуына қауіптің 3 сипаты бар. Біріншіден, функционалдықты жоғалту. Мысалы, электронды комерция немесе электронды сөйлесуде аталған тілдердің басқа тілмен ығыстырылуы. «Егер ол Интернетте жоқ болса, онда ол жоқ».
Екіншіден, жас ұрпақтың алдында тіл абыройының түсуі. Ол тілді пайдаланғысы келмейді, онын орнына мәртебесі жоғарырақ тіл қолданыста болады. Үшіншіден, тілдің кешенділіктен айырылуы. Жас және орта ұрпақ жасы үлкендерді түсінеді, бірақ өздері үшін тілдік грамматиканы жеңілдетіп алады.
Корнайдың мақсаты, 7776 әлем тілдері Интернетке қалай таралғанын білу болатын. Назарға өзара байланысты 5 фактор алынған: көлемі мен тілдік қоғамның демографиялық құрамы, идентификациялық қызметі, бағдарламалық жасақ қолдануы және Уикипедияда бар болуы.
Зерттеу нәтижесі бойынша тілдер 5 категорияға бөлінген: дамып жатқандар, өміршең, шекаралас, мирасқа қалғандар (ғалымдардың зерттеуі негізінде Интернетте пайда болған) және өлі (онлайнда, сандық құрылғылар мүлдем жоқ).
Корнай мынадай қызықты тұжырымға келді. Тек 170 тіл немесе 2%-ы ғана дамып жатқан не өміршең тілдер қатарына кіретін. Тағы 140 немесе 1,7%-ы шекаралас тілдер. Қалған 96,3% тілдер өлілер қатарында. Сандық заманда қажетті білім мен техниканың көп көлемде қажет болуы, олардың тірілетіні екі талай. Себебі, олардың ондай қуаты жоқ.
Ақпарат көзі: el.kz