- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Акулалар бәрін көреді......
Акулалар бәрін көреді...
Балықтар туралы әлемде қаншама ертегіге бергісіз аңыздар мен аңыздарға бергісіз ертегілер бар. Олардың барлығы күнделікті өмірде айтылып, тұрмыстан бөліп алғысыз құндылықтай болып кеткен. Әйтсе де, бір топ зерттеушілер сезімнің шырмауы мен үлкен шығармашылықты ысырып қоя тұрып, адам баласының игілігі үшін балға басты балықтарға (акула) зерттеу жасады. Анықталғаны...
Биологтардың бұл зерттеуі жемісті аяқталды. Олар балға-балықтардың (акулалардың) басы оның жақсы көруіне септігін тигізерін дәлелдеді. Және балға-балыққа байланысты алғашқы жаңалықтар The Journal of Experimental Biology атты журналда жарық көрді.
Ғалымдар балықтардың бірнеше түрлеріне зерттеу жасады. Оның ішінде балға-балықтардың үш түріне: Eusphyra blochii, Sphyrna corona және Sphyrna lewini. Жалпы зерттеуге келетін болсақ, ең алдымен ғалымдар балықтардың көзіне электродтар (анықтайтын аппарат) отырғызған. Соның арқасында олардың жарықты қабылдау қасиетін жан-жақты бағамдап, бақылау барысында балықтардың көз көру қасиеттерінің әр бағытта (ара-қашықтық) әр түрлі және жақсы көретіндеріне көздері жеткен.
Балға-балықтардың яғни акулалардың вертикальды басы балықтың 360 градус бойына көруіне мүмкіндік береді екен. Ол шынымен жемтігін алды-артынан көріп, кез келген жағдайда қармап алатын болып шықты.
Біз ойлағандай, екі көз арасындағы алшақтық оларға кедергі емес. Керісінше, басқа балық түрлерінен озық шығуының кепілдемесі дерсің: шапшаң, епті, төзімді.
Балықтың бинокулярлық көз көруі көз алдарындағы кескінді немесе қос бірдей жемтікті бір көзбен-ақ бір мезетте қадағалай алатын болып шықты. Мысалы, Eusphyra blochii атты түр басқа балықтардан басы ең үлкені болып саналады: оның көз көру зейінінің ауқымдылығы - 48 градус; ал басқа балықтарда (акула) - 32 градус.
Осы уақытқа дейін балға басты акулаларды көптеген зерттеушілер көзі нашар көреді деп есептеп келді. Және көбісі бинокулярлық көз көруді де аталған балықтың түрінен алысқа алып кетіп, басқа балықтардың түрлеріне теліп жүрді.
Бір айта кетері, балықтың осылай өсуінің себебін зерттеушілер жер магнитінің тартылыс заңы мен өздерінің жоғары деңгейдегі жылдамдықтарының әсерінен деп санайды.
Сурет: boswell.ru
Л. Лига