Ақша ма, әлде қоғамдағы орның маңызды ма?

Ақша ма, әлде қоғамдағы орның маңызды ма?

Бірнеше жыл бұрын ғалымдар ғылыми зерттеу жүргізді. Кейіндеу аталған зерттеу Барри Шварцтың "Таңдаудағы оғаштық" кітабына енді. Сондағы зерттеуде, психологиялық сынақ барысында әр қатысушыға болжалмен айтылған өмірдің өздеріне ең қатты ұнайтын нұсқасын таңдауға бұйырған.  

Мәселен, олардың алдына екі таңдау қойылған: 1) жылына айналысындағы адамдар 25 мың доллардан, ал өзі 50 мың доллардан жалақы табатын нұсқа; 2) өзі 100 мың доллардан, ал айналасындағы адамдар 200 мың доллардан табатын нұсқа;

Одан кейінгі таңдау: 1) өзі орта біліммен, айналасындағылар төмен біліммен; 2) айналасындағы адамдар университет тәмәмдаса, өзі колледж бітірген болса;

Соңғы таудау "IQ"-ға соққан: өзіне 110 болғанда, өзгелерге 90 балл; 2) өзгелерге 150 болғанда, өзіне 130 балл;

Анықталғандай, көп жағдайда адамдар өздерін өзгелерден жоғары қоятын позицияны таңдайды екен.

Бұл дегеніміз, адамдар көп ашқаны қажет етпейді, тек өзгелерде аз болса болғаны...

сурет:pbc.privatbank.ua

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига