Ақмола облысының ерлері әйелдерге қарағанда көп демалады. Бұл ақпарат Ақмола облысында жүргізілген сауалнама барысында ( "Экспресс К" жүргізген) анықталып отыр.
Сауалнама жүргізу барысында зерттеушілер 840 отбасыға кіріп шыққан. Және отбасының 10 жастан асқан барлық мүшелері демалыс күндерін қалай өткізетіндіктері туралы бар сырларымен бөліскен. Анықталғандай, ұйқы мен азық-түлік сатып алу үшін, өздеріне күтім жасау үшін ақмолалықтардың орта есеппен тәулігіне 12 сағат 11 минуты кетеді екен. Емін-еркін, бос уақыт бар-жоғы төрт сағат 19 минутты құраған. Жол үстіндегі жүріп-тұрулары үшін 40 минутқа жуық уақыттары кететін болып шықты.
Елді-мекендердің жұртшылығына қарағанда, қалалық тұрғындар жұмыс үшін 1,4 есе көп уақыт бөледі.
Ал отбасы, үй ішіне қарауға әйел затының 2 сағат он минуты кетсе, ерлер жағы 2 сағат жеті минут көңіл салады. Ең қызығы сол, көңіл көтеру, сауық-сайран деп ерлер әйелдерге қарағанда орта есеппен алғанда 1 сағат бес минут артық думандатын болып шықты.
Сурет:sjanbolat.blogcn.com
Дайындаған: Фараби Бақыт