Ағылшын тілінде "Білмеймін" деген сөздің 7 түрлі баламасы барын біліп пе едіңіз? I don't know-дан да басқаша айтуға болады екен. Досыңызды таңғалдырғыңыз келсе, welcome!
I don’t have a clue — түсінсем бұйырмасын
[aɪ doʊnt həv ə klu]
Білмейсіз не білгіңіз келмесе де осы тіркесті айтсаңыз болады. "I don’t have a clue" дегенді естіген досыңыз сізді ендігәрі бұл сұрақпен мазаламайды. Мәселен:
— You’re a programmer, right? How do I fix the camera on my iPhone?
— Сен програмиссің ғой? Айфонның камерасын қалай жөндейді?
— I don’t have a clue.
— Түсінсем бұйырмасын.
How should I know? — Мен қайдан білейін?
[haʊ ʃʊd aɪ noʊ]
Қазақ тілінде оғаш естілсе, ағылшындарға да солай. Бірақ кейде бұндай тон керек боп қалады. Сізбен сөйлесіп тұрған адам сұрақтың орынсыз не сізге кедергі келдітірп тұрғанын сезетін болады. Тынышы – мазаламай-ақ қоюы керек еді, мұны естігенше)
— What time does the show start?
— Шоу нешеде басталады?
— How should I know? Why don’t you call the theatre?
— Мен қайда білейін? Неге театрға қоңырау шалып көрмейсің?
IDK — білмеймін
[aɪ di keɪ]
IDK — "I don’t know" сөйлемінің қырқартылған түрі. 10 жыл бұрын бұл сөз жасөспірімдердің слэнгі болған, қазір ересектердің сөздік қорына кіріп үлгерген. Жазбаша нормада осылай көрініс табады. Ағылшын тілі өлмейтін тіл ғой.
— Will you come to Kate’s party tonight?
— Кэйттің кешіне келесің бе?
— IDK
— Білмеймін.
Dunno — не знаю
[dəˈnoʊ]
Dunno [dəˈnoʊ] — "I don’t know" сөйлемін нағыз ағылшындар үнем заңына сәйкес осылай қысқартып айтады. Егер IDK-ді жазбаша нормада қолданса, dunno — ауызекі сөйлеуде қолданылады. Бізше "білмим" дегендей.
— Where does Kate live?
— Кэйт қайда тұрады?
— Dunno, somewhere in Greenwich.
— Білмим, Гринвичте ғой деймін.
Who knows? — Кім біліпті?
[hu noʊz]
Әлем сырға толы. Коронавирус жойыла ма? Оқушылар мектепке барып оқи ма? Локдаун бола ма? Кім біліпті? Жауабын сіз де, басқа да білмейтін сұрақтардың бетін осылай қайтарсаңыз, ұтылмайсыз.
— Will it be sunny this weekend?
— Осы демалыста күн ашық бола ма екен?
— Who knows?
— Кім біліпті? (немесе ит біліп пе?)
That’s exactly what I’m seeking to answer — өзім де білсем ғой
[ðæts ɪɡˈzæk (t)li wɑt aɪm sikɪŋ tə ˈænsər]
"Білмеймін" деп тіке жауап бере алмайтын сауалдар болады. Басқаша жауап бергің келетін сәттер де аз емес. Сол сәтте "өзім де жауабын білгім кеп іздеп жатырмын" десеңіз, ұтасыз. Білмейтініңізді мәдени түрде жеткіздіңіз. Ақымақ боп көрінбейсіз.
— Why do we have so many complaints from our customers lately?
— Неге соңғы кезде тұтынушылар жиі шағымданып жүр?
— That’s exactly what I’m seeking to answer.
— Мен де сол сұрақтың жауабын іздеп отырмын.
I’m not sure I’m the best person to answer that — сауалыңызға жауап беретін адам мен емес-ау
[aɪm nɑt ʃʊr aɪm ðə best ˈpɜrs (ə)n tə ˈænsər ðæt]
Қойылған сұрақ иесін таппай адасса, осылай жол не жөн көрсетсеңіз, құба-құп. Жұмыс барысында басқа мәселемен келіп тұрған тұтынушыға не әріптесіңізге осылай көмектесіңіз. Әрі сізді біреу ілеспе әңгімеге тартқысы келсе, осылай құтылсаңыз болады.
— Can I get a discount?
— Жеңілдік жасай аласыз ба?
— I’m not sure I’m the best person to answer that.
— Бұл сұрақты мен шешпеймін.