Кейде қазақ тіліндегі сөздерді түсінбей дал боламыз. Өйткені, әр аймақ әр түрлі сөйлейді. Оларды диалект деп атаймыз. Ағылшын тілінде диалекттен бөлек, жас ерекшелігіне сәйкес немесе тұрғылықты жеріне байланысты шетелдіктер түсіне бермейтін сленгтер бар. Назарларыңызға британдықтар жиі қолданатын сленгттер тізімін ұсынамыз: Cheers бірнеше мағынасы бар: тілек немесе алғыс ретінде қолдануға болады. Е-mail арқылы хат жолдасаңыз, соңына sincerely орнына қолдануға болады.Ace керемет деген мағынаны білдіреді.All to pot шектен тыс қателікке барған кезде осы тіркесті қолданады.Anti-clockwise = сounter clockwise қазақ тіліндегі сағат тіліне қарсы жүзу тіркесінің ағылшын тіліндегі нұсқасы.Bespoke тапсырыс арқылы алынған зат.Bobs your uncle бәрі дұрыс, бәрі өз орнында деген мағынада.Bollocking жазаға тартылу, жазалану. He had a good bollocking!Bugger өзінің риза еместігін білдірер сәтте қолдануға болады: (Oh bugger!). Одан бөлек қиын жағдайға түскен сәтте: (Well, were buggered now). Тосын сый кезінде: (Well bugger me!).Brilliant! керемет сөзінің синонимі.Car park көлік тұрағы.Chavtastic талғамсыздық (a chav әлеуметтік жағдайы төмені сатыға жататын адамдарға қолданылатын дөрекі тіркес).Chock-a-block уақыт жағынан бір-біріне жақын оқиғалар. Кейде тығыс уақыт кестесіне байланысты қолданады.Chuffed белгілі бір нәрсемен мақтану, қатты қуану.Chunder жүрек айну.CV Curriculum Vitae(түйіндеме) сөзінің қысқарған нұсқасы. Америкалық ағылшын тілінде resume.Damp Squib сіз күткендей болмаған оқиға..Jammy dodger жолы болғыш адам, сонымен қатар тәтті печеньені де осылай атайды.Kerfuffle түймедей нәрсені түйедей ету. It was a bit of a kerfuffle.Knackered шаршаңқы көңіл-күй.Know your onions өз ісін білетін, белгілі бір сала бойынша білімі мол.Lost the Plot есалаң, ақылынан адасқан.Scrummy өте дәмді, деликатес тағамдар.See a man about a dog жабық көрсетілімге бару немесе жасырын шаралар, сонымен қатар әжетханаға шығу дегенді де білдіреді.Skive өтірік ауырып демалыс алу, жалқаулық.Taking the piss біреуді мазақ ету.Tickety-boo бір нәрсенің байқаусызда, тез өтіп кетуі. Сіз үшін қай сленг қызықты болды?