- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ағылшын тіліндегі сленгтер...
Ағылшын тіліндегі сленгтер
Кейде қазақ тіліндегі сөздерді түсінбей дал боламыз. Өйткені, әр аймақ әр түрлі сөйлейді. Оларды диалект деп атаймыз. Ағылшын тілінде диалекттен бөлек, жас ерекшелігіне сәйкес немесе тұрғылықты жеріне байланысты шетелдіктер түсіне бермейтін сленгтер бар. Назарларыңызға британдықтар жиі қолданатын сленгттер тізімін ұсынамыз:
Cheers – бірнеше мағынасы бар: тілек немесе алғыс ретінде қолдануға болады. Е-mail арқылы хат жолдасаңыз, соңына “sincerely” орнына қолдануға болады.
Ace – керемет деген мағынаны білдіреді.
All to pot – шектен тыс қателікке барған кезде осы тіркесті қолданады.
Anti-clockwise = сounter clockwise – қазақ тіліндегі сағат тіліне қарсы жүзу тіркесінің ағылшын тіліндегі нұсқасы.
Bespoke – тапсырыс арқылы алынған зат.
Bob’s your uncle – бәрі дұрыс, бәрі өз орнында деген мағынада.
Bollocking – жазаға тартылу, жазалану. “He had a good bollocking!”
Bugger – өзінің риза еместігін білдірер сәтте қолдануға болады: (Oh bugger!). Одан бөлек қиын жағдайға түскен сәтте: (Well, we’re buggered now). Тосын сый кезінде: (Well bugger me!).
Brilliant! – керемет сөзінің синонимі.
Car park – көлік тұрағы.
Chavtastic – талғамсыздық (a chav – әлеуметтік жағдайы төмені сатыға жататын адамдарға қолданылатын дөрекі тіркес).
Chock-a-block – уақыт жағынан бір-біріне жақын оқиғалар. Кейде тығыс уақыт кестесіне байланысты қолданады.
Chuffed – белгілі бір нәрсемен мақтану, қатты қуану.
Chunder – жүрек айну.
CV – Curriculum Vitae (түйіндеме) сөзінің қысқарған нұсқасы. Америкалық ағылшын тілінде resume.
Damp Squib – сіз күткендей болмаған оқиға..
Jammy dodger – жолы болғыш адам, сонымен қатар тәтті печеньені де осылай атайды.
Kerfuffle – түймедей нәрсені түйедей ету. “It was a bit of a kerfuffle”.
Knackered – шаршаңқы көңіл-күй.
Know your onions – өз ісін білетін, белгілі бір сала бойынша білімі мол.
Lost the Plot – есалаң, ақылынан адасқан.
Scrummy – өте дәмді, деликатес тағамдар.
See a man about a dog – жабық көрсетілімге бару немесе жасырын шаралар, сонымен қатар әжетханаға шығу дегенді де білдіреді.
Skive – өтірік ауырып демалыс алу, жалқаулық.
Taking the piss – біреуді мазақ ету.
Tickety-boo – бір нәрсенің байқаусызда, тез өтіп кетуі.
Сіз үшін қай сленг қызықты болды?
Т. Есқали