Ағылшын тілінің қолданыс аясы жыл санап артып келеді. Күн сайын 1000 жаңа сөз еніп, осынша сөз қолданыстан шығады. Біз сіздерге қазір қолданыста жүрген жаңа неологизмдерді ұсынбақпыз.
1. To binge-watch [bɪn(d)ʒwɒtʃ]
Бір сериалды көріп бастағанда өзіңізді тоқтата алмай, әр бөлімін бірінен соң бірін жалғастырып қарай беретін әдетіңіз болса, бұл сөз сол мағынаны білдіреді.
2. Cat lady [ˈkæt ˌleɪdi]
Мысық асырау, оны өсіру қазір трендте. Әсіресе, тұрмысқа шықпаған, жалғыз қыздар мысыққа құмар. Біздің тіліміздегі "тәуелсіз, күшті" әйел адамның ағылшынша нұсқасы осындай.
3. Clicktivism [ˈklɪktɪvɪz(ə)m]
Белгілі бір саяси, қоғамдық жұмыстарға байланысты тек өз пікірін айтып қана қоятын адам. Ал, оны істеуге келгенде жым-жырт.
4. Couplie [ˈkʌpli]
Егер әлеуметтік желілерде қос ғашық бірге түскен суреттерін жиі жариялайтын болса, онда бұл тіркес – соларға арналған жаңа атау. Бәріне мәлім "селфи" сөзіне ұқсас жасалған, тек түбірі – couple (жұп) сөзі.
5. To drunk-dial [ˌdrʌŋkˈdaɪəl]
Көңілді кештерден соң масайып қалған досыңыз әлдекімге телефон шала бастады ма? Бұл жағдай ағылшын тілінде to drunk-dial деп аталады.
6. Froyo [ˌfrəu’jəu]
Froyo – "frozen yoghurt" сөзінің қысқартылған нұсқасы. Тоңазытылған йогурт соңғы уақытта кең қолданысқа ие. Бүкіл әлем бұл тағамды үздік десерттердің қатарына қосып қойған.
7. Gloatgram [gləut’grɑm]
Instagram қолданушыларының арасында өзінің көлігімен, сыйлықтарымен, киімімен мақтанатындар көп. Gloatgram – автордың қаншалықты жақсы өмір сүріп жатқандығын дәлелдейтін сөз.
8. To humblebrag [ˈhʌmblbræɡ]
Өзінің жетістіктерін сөз арасында айтып қала беретін адамдардарға арналған атау. Жетістіктерін мақтанып емес, көп жағдайда арызданып жеткізеді.
9. HIIT [hɪt]
Нigh-intensity interval training сөзінің қысқарған нұсқасы. Оның аудармасы: "жоғары интесивті интервалды жаттығу". Кардиоға қарағанда HIIТ арықтауға тезірек әсер етеді.
10. To mansplain [mænˈspleɪn]
Өзінің ақылын көрсету үшін, бәріне анық затты асыра сілтеу арқылы жеткізетін адамның заманауи атауы.
11. To photobomb [ˈfəutəubɒm]
To photobomb — біреу суретке түсіп жатқан сәтте, суретті бүлдіру үшін жасалатын әзіл әрекеттер.
12. Ringxiety [rɪŋˈzaɪəti]
Егер жиі телефон қоңырауын немесе хабарламаның дыбысын еститін болсаңыз, өзіңізді шизофрениктердің қатарынан алып тастаңыз. Бар болғаны сіздегі белгілер "Ringxiety" деп аталады.
13. Screenager [‘skriːneɪdʒə]
Ұялы телефон, теледидар секілді гаджеттерден бас алмайтын жасөспірімді осылай атаңыз. Сөздегі: screen (экран) және teenager (жасөспірім).
14. Textretary [‘tekstrət(ə)rɪ]
Көлік жүргізіп келе жатқан адамның орнына хабарлама теретін адамды осылай атайды. Яғни, жүргізушінің хатшысы деген жаңа қызметке берілген атау.
15. YOLO [‘jəuləu]
"Уou only live once" – сен бір рет өмір сүресің! Бұл өмір сүруге шақыратын, мотивация беретін тіркес.
Өмір қызық. Мүмкіндік барда, тілдерді меңгеріңіз, саяхаттаңыз, арманыңызды шындыққа айналдырыңыз. Шынымен, YOLO!