Ағылшын тіліндегі идиомалар қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері секілді. Олардың мағынасы тіркестегі сөздердің тура мағынасынан әлдеқайда бөлек. Ағылшын тілін үйренуді мақсат еткен жандарға Қорқыныш тақырыбында жиі қолданатын ағылшын идиомаларын ұсынамыз: Get cold feet Мағынасы: соңғы уақытта қорқып қалу. Кейде ер жүрек, батыл адамдардың өзі маңызды сәтте өзіне күмән келтіреді. Яғни, бұл кезде get cold feet тіркесін тілге тиек етсеңіз болады.Мысалы: There was nothing to worry about before the concert, as I was well prepared. Nevertheless, I got cold feet right before my entrance. Жақсы дайындық жұмысын жүргізгендіктен, концерт алдында қорқыныш болмады. Бірақ, сахнаға шығар сәтте қатты қорықтым. Jump out of the skin Мағынасы: қатты қорқу, жүрегі ұшу Егер пранк ұйымдастырып, достарыңызды кенеттен қорқытқанды жақсы көрсеңіз, бұл сөзді олардың ауыздарынан жиі естуге дайын болыңыз. Мысалы: I jumped out of my skin when I noticed a big snake creeping on the path. Жол бойымен сырғып бара жатқан жыланды көргенде жүрегім ұшты. With one's tail between one's legs Мағынасы: өзін қорқақ секілді ұстау Егер досыңыз бұл сөз тіркесін қолданып жатса таңқалмаңыз. Өйткені, бұл идиоманың негізгі мағынасы өзін қорқақ секілді ұстау немесе кенеттен қорқу.Мысалы: The man left the store with his tail between his legs after he had been accused of trying to steal something. Ұрлық жасады деген жаладан қорқып, ер адам дүкеннен шығып кетті. Push the panic button Мағынасы: қатты үрейлену, уайымдау. Адамдар кейде ойламаған жерден үрейдің құшағына енеді. Мұндай қорқыныш адам бойынан аттракциондарда немесе көпшіліктің алдында сөз сөйлеу кезінде кездестіруге болады.Мысалы: Our navigator pushed his panic button first when we began to sink. Суға бата бастағанда жолсерік бірінші болып үрейленген болатын. Whistle in the dark Мағынасы: қорқынышты жеңе білу Қараңғыда сықырған дыбысты естісеңіз қуанатыңыз анық. Өйткені, ол адам сізге серік болып, демеу көрсетеді. Бұл да қорқынышты сәтте өзін-өзі ұстап, қорқынышқа ерік бермеген адамды сипаттайтын идиома.Мысалы: Although the chances to stay alive diminished with every minute, we tried to whistle in the dark and stay optimistic. Тірі қалу мүмкіндігінің аздығына қарамастан, біз өзіміздің қорқнышымызды тежеп, жақсылыққа сеніммен қарауға тырыстық.