Small Talk - бейтаныс адамдар арасындағы қарапайым және жеңіл әңгіме. Әдетте ағылшын тілін бірнеше жылдар бойына оқып, үйреніп жүрсе де, шетелдік азаматпен тілдесуге жасқанамыз. Өйткені не олар сізді, не біз оларды түсінбейтін қолайсыз жағдай бола ма деген қорқыныш болады. Small Talk кезінде туындайтын қолайсыздықтан құтылу үшін төмендегі кеңестерге назарға алыңыз.
Алдын-ала дайындалыңыз:
Егер сіз ағылшын тілін енді үйреніп жүрсеңіз немесе осы уақытқа дейін сөйлеу дағдысы бойынша тәжірибеңіз болмаса, онда бірден әңгіме бастап кету қиынға соғады. Сондықтан, алдағы кездесуден бұрын әңгімелесуге арналған тақырыптарды алдын-ала дайындап, не туралы сөйлесетіңізді ойлаңыз.
Қошемет сөздерді қолданыңыз:
Әңгімені қошемет сөздерден бастау арқылы әңгімелесушінің назарын өзіңізге аударуға болады.Сыртқы келбет, жеке қасиеттер немесе тіпті материалдық құндылықтарды да сөз ете аласыз.
Ашық сұрақтар қойыңыз:
Егер адам "иә" немесе "жоқ" деген жауаптармен шектелетін сұрақ қойса, әңгіменің ұзаққа бармайтыны әрі қызықсыз болатыны анық. Сондықтан, ыңғайсыз үнсіздікке жол бермеу үшін "Қалай", "Неге", "Қашан", "Қайда" секілді сұраулы есімдіктерден басталатын ашық сұрақтар жиі қоюға тырысыңыз.
Ортақ тақырыпты таңдаңыз:
Екі жаққа да қызықты тақырып әңгіменің кенеттен үзіліп кетпеуіне, әрі біреуінің жалығып кетпеуіне әсеретеді. Оның қаншалықты қызықты не қызықсыз екенін әңгімелесушінің реакциясына қарап анықтаңыз. Егер әңгімелесу қиын болып жатса, тақырыпты ауыстырыңыз.
Толық жауап беріңіз:
Қойылған сұрақтарға шынайы және толық жауап беруге тырысыңыз. Бұл жағдайда әңгімелесушіңіз сізді қызығушылықпен тыңдап, сөйлеседі.