Ағылшын тілін үйрену барысында туындайтын басты қиындық акцент. Ағылшын тілінде еркін сөйлей алмайтындығымыздан, сөздерді дәл айтып тұрмыз ба деген қорқыныштың кесірінен біз кейде сөйлесуге ұялып жатамыз. Бұл акцент қайдан пайда болды? Дыбыстау кезіндегі қиындықтардың барлығы біздің ана тілімізде кездеспейтін дыбыстарды айту барысында туады. Шынында, барлық адам кез келген дыбысты қабылдай алады. Бірақ, жас ұлғайған сайын бұл қабілет деңгейі әлсірейді. Яғни, тілді үйренуді ерте жастан бастаған дұрыс. Бұл кеш деген сөз емес, бар болғаны ересектердің үрдіс ұзаққа созылады. Екіншіден, тек бір ғана дыбыс емес, тіркестердің арасындағы дыбыс үндестігін де ескеру керек. Қарапайым қазақ тілінде ақ бұлақ тірккесі ағбұлақ болып естілетіні секілді ағылшын тілінде де дыбыс үндестігі бар. Сонымен қатар, сөйлемнің құрылымы да сөздердің анық дыбысталуымен үндеседі. Қазақ тілінде to be көмекші етістігінің керегі жоқ: The dish is really disgusting(Бұл тағам шынымен дәмсіз). Осындай сөйлем құрылысындағы қателіктер арқылы жергілікті тұрғындар шетелдік азаматтарды бірден аңғарады. Қазақ тілді (орыс тілді) акцентті жою үшін не істеу керек? Алдымен сізге британ немесе америкалық акценттің қайсы жақын әрі тиімді екенін анықтаңыз. Кейін сол бағытта жергілікті тұрғындардың қалай сөйлетіні туралы аудио-видео сабақтар қараңыз. Есіңізде болсын: Ағылшын тілінің өзі британдық (UK) және америкалық (US) акценттерге жіктеледі. Ең таза, академиялық ағылшын тілі британ акцентінің негізінде жасалған. Сізге қиындық тудыратын дыбыстардың тізімін жасаңыз. Мысалы, қазақ тілді орта үшін ең қиын дыбыс th. Әріптердің дыбысталуымен жұмыс жасау барысында неше түрлі қиындықтарға кезігіп, бірнеше сауал туындайтынына дайын болыңыз. Тіпті, кейбір сұрақтардың себебін ағылшындықтардың өздері білмейді. Сондықтан, тек тәжірибе ғана сізге көмектеседі. Ағылшындықтар дауыс ырғағына қатты мән береді. Олар қай уақытта даусын көтеріп сөйлейді, қай уақытта дауыс ырғағы бәсеңдейді? Бұл сұрақтың төңірегінде жауап табу үшін жұмыстаныңыз. Бастысы, оқуды орта жолдан тастап кетпеңіз!