Ағылшын тілі әлемдегі ең көп таралаған тіл емес, ол қытай және испан тілдерінен кейінгі бар болғаны үшінші орында.
Ағылшын тіліндегі ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады (I am/I do), ал егер I am сөйлемін I´m деп қысқаратын болсақ, онда тіпті екі әріп қалады.
Ағылшын тіліндегі ең ұзақ сөз – pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis – тыныс жолдары ауруының атауы.
Көпмағыналылығы жағынан «set» сөзі бірінші орында: етістік ретінде 44 негізгі мағынасы, зат есім ретінде 17 негізгі мағынасы, сын есім ретінде 7 негізгі мағынасы және көптеген қосымша мағыналары бар.
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын әріп – E, ал ең аз – Q әрпі қолданылады екен.
Ағылшын тіліндегі ең көне сөз – town (қалашық), сонымен қоса: bad, gold, apple.
Қоштасқанда айтатын goodbye сөзі бұрын толық нұсқасында «God be with ye» деп айтылған (көне ағылшын тілінде «Құдай өзіңмен бірге болсын»).
Ағылшынның slave (құл) сөзі тікелей славяндармен байланысты: көне замандарда герман тайпалары римдіктерге славяндарды құлдыққа сатқан.
Ағылшын ақындарының жолы болғыш, себебі, бұл тілде ұйқас табуы қиын 4 сөз ғана бар: month, orange, silver, purple. Кей әуесқой ақындар orange сөзін courage, porridge, arrange секілді сөздермен ұйқастыруға тырысады. Жазылуы ұқсас болғанмен, дыбыталуы өзге сөздер ұйқасты бұзатыны белгілі.
Ағылшын тіліндегі ең қиын жаңылтпаш: “The sixth sick sheik‘s sixth sheep‘s sick”. Тіпті, ағылшындардың өзі оны айтуға қиналады.
Іndivisibility сөзінде I әрпі 6 рет қайталанады.