- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ағылшын тілі. Телефонмен...
Ағылшын тілі. Телефонмен сөйлесу
Ағылшын тілін білу маңыздылығы күннен күнге артып келеді. Телефонға шалынған қоңыраудан кейін ағылшын тілінде сөйлеген дауысты естісеңіз, аудармашы іздеп кетпей, мына сөздерді жаттап алсаңыз, аз да болса көмегі тиер.
«I'll call you right back» – Қазір сізге қайта хабарласамын.
«Don't talk so fast» – Тым жылдам сөйлемеңізші.
«Can you speak a bit louder? I can't hear you» – Қаттырақ сөйлеңіз, естіп тұрған жоқпын.
«The telephone is out of order» – Телефон істемей тұр.
«There's a telephone call for you» – Сізді телефонға шақырады.
«May I use your telephone?» – Сіздің телефоныңыздан қоңырау шалсам бола ма?
«Do you follow me?» – Мені тыңдап тұрсыз ба?
«Are you with me?» – Мені тыңдап тұрсыз ба?
«They hung up» – Біреу тұтқаны қоя салды.
«I'll get it» – Тұтқаны мен алайын.
«Please pick up the receiver» – Тұтқаны көтеріңізші.
«My number is...» – Менің нөмірім
«Do you want to leave a message?» – Бірнәрсе жолдағыңыз келді ме?
«Can I take a message?» – Не жолдайын?
«Please dial again» – Нөмірді қайта теріп көріңіз.
«What number are you calling?» – Қандай нөмірге хабарласып тұрсыз?
«What number did you dial?» – Қандай нөмір тердіңіз?
«You’ve got the wrong number» – Басқа нөмірге түсіп кеттіңіз.
«I'm calling from a pay phone» – Мен автоматтан хабарласып тұрмын.
«Please call back later» – Кейінірек хабарласыңыз.
@. @assel_assanova