- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Ағаштар неге жоғары...
Ағаштар неге жоғары қарай өседі?
Саябақ ішін аралап келе жатып, еңсесін биік ұстап тұрған ағаштарға бірден назарыңыз ауады. Алайда, оларға қарап сұрақ қоятын адамдар сирек. Тіпті, санаулы десек те болады. Мәселен, ағаштар неге жоғары қарай өседі? Ондай жағдайда ең бірінші еске түсетіні - күн. Әрине, барлық тіршілік күнге қарай қол созып, тырмысады. Олар үшін де, біз үшін де күннен артық жылу жоқ. Бірақ, бұл жауап дұрыс болмай шықса ше?!
Қатты алыс та емес, 19 ғасырдың ширегінде ағылшындық ботаник-зерттеуші өсімдік атаулыға эксперимент жасады. Оны қазіргі кезде "гравитропизм" деп атайды. Осы аталған дүние ғана ағаштардың жоғары қарай өсуінің себебін түсіндіріп бере алады. Және сол бір ғалымның аты Томас Эндрю Найт болатын.
Оның тәжірибелері төмендегідей:
Үлкен келген дөңгелек шеңберінің ішіне жұмсақ топырақ пен бадана тұқымы орналасты. Әлгі дөңгелек вертикалды жазықтықта үнемі бір жылдамдықта айналып тұрды: минутына 150-ге жуық айналым. Содан бірнеше күннен соң тұқымдар өсіп, көктей бастайды. Тамырлары негізгі орталықтан бастау алып, жан-жаққа таралған. Ал сабақтары дөңгелектің орталығына қарай өсе түскен. Сонда қалай? Бәрі де қарапайым, өсімдік сыртқа тепкіштік қасиетке ие болып, өзінің өсу бағытын "тартылыстың жаңа күшімен" байланыстырған. Сыртқа тепкіштік қасиет, минутына 150-ге жуық айналымнан пайда болған. Біздің ғаламның гравитациясынан сәл-пәл ғана күші басым түсіп, сол үшін де өсімдіктер "алданып" қалған.
Енді сіздер ағаштар неге жоғары қарай өсетінін білесіздер - олар тартылыс күшіне қарай өседі.
Сурет: rewalls.com
Л. Лига