Африканың жер астында үлкен су қоры бар

Африканың жер астында үлкен су қоры бар

Британдық геологтар Африканың шөлді жерлерінің бір құпиясын ашты. Сөйтсе, шөл астында ұзақ жылдар бойына жиналған үлкен су қорлары бар болып шықты. 

Британдық геологиялық кеңес пен Лондон колледжінің зерттеушілері бүгінгі таңдағы Африканың су ресурстарының ең дәл әрі нақты картасын жасап шығарды. Олардың сөзіне сенсек, аталған жер асты суларын тұрмыста әбден пайдалануға болады-мыс.

Су қорларының үлкен мөлшері Ливия, Алжир, Чад елдерінің астынан табылған. Ғалымдардың айтуы бойынша, аталған су қоры осы елдердің аумағын 75 метрлік қалыңдықта жаба алады-мыс. Егер де..

Ғалымдар әзірше ұңғымаларды пайдалануға асықпауда. Зерттеушілердің жетекшісі Алан Макдональд осынау су қорларын толыққанды зерттемей тұрып, ұңғымаларды пайдалануға болмайды деп сендіруде. Және үлкен ұңғымалардан гөрі, халық тұрмыста пайдаланып жүрген су сорғыштардың тиімді екенін атап өтті.


Сурет: dfact.net

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига