Байланыс жүйесі – телефон, телеграф, радио, интернет, тағысын тағылар. Бұдан 150 жыл бұрын Еуропа мен Англия, Америка арасындағы байланыс тек қана кеме арқылы жүзеге асушы еді.
Бірнеше күн немесе айлар бойына әлемнің әр түкпіріне хат-хабарлар жетіп отырған. Мысалы, Еуропаның хабары Америкаға екі күннен соң ғана жететін болған. Алайда, телеграф пайда болғаннан бастап, аталған келеңсіздіктерді түпкілікті шешті. Жаңа технологияның арқасында сәлемдемелер, қарлығаш-хаттар бірнеше секундта жететін болды.
Ол кездегі хабарламалардың көбісі саясатқа, іскерлік мақсаттағы келісімдерге тығыз байланысты болды. Көп уақыт өтпей-ақ өнертапқыштар адам дауысын жетікзуге болатын аппарат ойлап тапқысы келді. Ең алғашқы аппаратқа байланысты зерттеу 1837 жылы американдық физик Пеидждің арқасында жүзеге асқан болатын. Оның осы бір зерттеуі адам дауысын тасымалдауға болатынын дәлелдеп берді. Өз зерттеуінің болашақта телевидение, интернет, телефон сияқты ұлы жаңалықтар тудыратынын ол кезде Пеидждің өзі де білмесе керек.
Көлік. Ұлы жаңалықтар ішінде өзі ғана танылып қоймай, басқа да жаңалықтарға жол ашып беретін дүниелер санаулы. Соның бірі – көлік. Аталған дүние тек жол қатынасы ғана болып дамыған жоқ. Жаңа өркениеттің туындауына, ғылымның шығандап озуына негіз болды. Тіпті, ғалам өзгерді десек те болады. Өзінің «өмір» сүруге бейімділігінің арқасында бүгінгі күнге дейін бірінші болып келеді. Бірінші болып ғасыр жаңалықтарын ашуға ат салысуда.
Бірнеше ғасырдың ішінде кішкене ғана көлік үлкен жол қатынасы есепті құндылыққа айналды. Қазіргі таңда әлемде миллиард көлік бар болып шықты. Солардың қолданылып жүрген заманауи үлгісі 100 жыл бұрын қолданысқа енген. Бензин арқылы жүретін көліктің алғашқы «атасы» бу машинасы болып саналды.
1769 жылы Кюнью бу көлігін ойлап тауып, 4 км сағат жылдамдықта 3 тоннаға жуық заттарды тасымалдаған. Көлікті басқару қиын болатын. Әрі тек қана түзу бағытта жүретін еді.
Электр жарығы. Аталған жаңалық 19 ғасырда ғана ашылды. Алдымен қала көшелерінде қолданылса, кейінірек үйлерде де қолданыла бастады. Бұл жаңалықта артынан қаншама жаңалықтарды ерте келді. 19 ғасырда жарықтың балқитын және доғалша келген түрі танымал еді.
Ең алғаш жарықтың доғал түрі шықты. Оны 1803 жылы орыс зерттеушісі Василий Петров байқаған еді. 1810 жылы ағылшындық ғалым Деви толыққанды түсініп, жұртышылыққа жайды.
Алайда әлгі бір жарықтардың қолайсыздықтарын жою үшін, үсті-үстіне дамыта беру керек болатын. 1844 жылы француз ғалымы Фуко алыс қашықтықта пайдалануға болатын жарықты ойлап тапты. Оның осы зертеуінен, 4 жылдан соң Париж алаңдарында шырағдан есебінде пайдаланылды. 1876 жылы орыс механигі Яблочков электродтардың жаңа түрін тапқанымен, арақашықтық мәселесіндегі келеңсіздікті шеше алмады.
1879 жылы американдық зерттеуші Эдисон жаңаша түрін ойлап табуға тырысты. Ол көптеген эксперименттер арқасында шырағдан үшін жақсы материал керегін түсінді. Соның арқасында ғана күндердің күні Париждегі кештердің бірінде көпшілік алдында шырағданның дамыған және жарамды болуға жарайтын үлгісін таныстырды. Бір мезетте бір емес көше бойындағы үйлердің бәрі жанған болатын.
Антибиотик. Медицинаның дамуында пеницилиннің шығуы жақсы мағынасында алғанда үлкен төңкеріс алып келді. Аталған ем ең алғаш маймылдардан табылған.
Көбісі таңғалуы мүмкін, ерте кездегі адамдардың көпшілік бөлігі дизинтеридан көз жұмған. Бұл шындық. Себебі, аурудың қай түрі айтылмасын өлім хабарындай болып естілетін. Тіпті, әскерлердің басым бөлігі оқтан емес, жай ғана жарақаттардың асқынуынан, іріндеуінен көз жұмған. Ал дәрігерлердің бар емі – іріндеген жерді түбірімен кесіп тастау еді.
Көп ұзамай-ақ уды умен қайтаруға болатыны дәлелденді. Көптеген бактериялардың келесі бір бактерияларға ем екені анықталды. 19 ғасырда Луи Пастер түйнемені микробтар арқылы өлтіруге болатынын айғақтады. Көптеген адамдар үшін таңғажайып дүниедей көрінген. Кейінірек медицина дамыған соң жай ғана ауруды емдеудің бір түрі ғана болып саналды.
Сурет: sly2m.livejournal.com