Адамның тісі акуланың тісінен қатты болып шықпасы бар ма?!

Сіз қалай ойлайсыз, акуланың тісі қатты ма,  әлде, адамның тісі ме? Әрине, сіз берер жауап белгілі, акула ғой! Мен де солай ойлайтынмын. Осы күнге дейін солай бағамдап келіппін. Сөйтсем дұрыс болмай шыққаны бар ма?!  Не керек, бәрін айт та бірін айт, адамның тісі қатты болып шықты. Неміс ғалымдары адам тістерінің артық қасиеттерін ашып беріп отыр. Кеш те болса...

"Теңіз патшаларының" тіс эмалі өте тығыз, қатты минералдан құралса (фторапатит), ал адам тісі гидроксилапатиттен (фторапатитке қарағанда әлдеқайда жұмсақ) түзіледі екен. Бұның бәрі ғылымнан белгілі болып келген жайттар. Бірақ, бірақ, наноқұрылым немесе ерекше микро құрылымның арқасында акула тісінен  адам тісі біршама мықты болатын болып шықты.

"Адам тісінің кристалды минералдары ерекше түзілген және олар ақуыздармен біте байланысқан. Өз кезегінде микрожарықтардың (сызаттардың) жайылып кетуіне мүмкіндік бермейді" - деп Дуйсбург университетінің ғалымы Матиас Эппле айта кетті.

Айта кетсек, аталған зерттеу электронды микроскоп пен рентгеноструктуралық құрылымдық анализдің арқасында жүзеге асып отыр. Оған қоса зерттеушілер акулалардың тістерінің механикалық қаттылығын байқап көрген.

Бір қызығы, акулалардың да түр-түрі бар дегендей, кейбір түрлерінің тістері адам тісінің құрылымына ұқсас болып шығып отыр. Кейбір түрлері...

Сурет:usiter.com

Дайындаған: Фараби Бақыт