Адамның арғы атасы...

Адамның арғы атасы...

Адам баласының эволюциялық дамудағы кескін-келбеті берілген мүсіндер топтамасы Франкфурттағы (Германия) табиғат тарихы мұжайында тұр. Аталған мүсіндерді жасауда зерттеушілер криминалистика саласына қатысты технологиялардың көмегіне жүгінген.

Ұзын-саны жиырма жетіге жетіп қалатын мүсіндерді бұдан жеті миллион жыл бұрын өмір сүрген адамдардың бас сүйектері мен тістеріне, сүйек қалдықтарына қарай отырып жасаған. 

Тарихтан хабар беретін танымдық мүсіндер антрополог ғалымдардың көптеген жылдар бойғы табанды еңбектері арқасында дүниеге келіпті. Орта Азия мен Африка, Еуропаның түкпір-түкпірін қалдырмай шарлауда, әсіресе, Зенкенбергский ғылым ордасының ғалымдары белсенді ат салысқан.

"Олар қай жерде өмір сүрді? Олар немен қоректенді?" Әр ғасырдан сыр шертіп жатқан мүсіндердің әрқайсысының өзіндік тарихы бар болып шықты. Мұражайдың басты мақсаты да сол, адамның даму эволюциясын көзбен көріп, көңілге түю.

сурет:news.discovery.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига