Адамдағы ой қуаты

Ми магнит өрісі адамның ойлауына байланысты өзгеріп тұрады. Сөйтіп, биологиялық электр ағындары магнит өрісінде электромагниттік толқын қалыптастырады. Дүниеден ми электр толқыны бүтіндей ұқсас екі адам табылмайды. Әр адамның өзіндік миэлектртолқыны болады. Бұл құдды саусақтық таңбаға ұқсас әр адамның ерекше белгісі болып саналады.

Адам денесі өзі бір телерадио станциясы сияқты. Ми электр толқын сигналдары үздіксіз айналаға таралып тұрады. Сол ми электр толқындарын қабылдауға, мидағы ойлау сигналдарын ажыратып алуға болады екен. Осы турасында Тан Ли атты ғалым кез келген зат пен құбылысты ой арқылы басқаратын дулыға жасап шығарды. Ол ми толқындары арқылы зат пен құбылысты басқаруға болады деп сенеді.



Электроэнцефалограф –  мидың электрлік қуатын арттыратын және  әсер ету қасиетін анықтайтын құрылғы. Бұл құрылғы диагностика, ми ауруларын емдеуде, мидың есте сақтау қабілеті мен қабылдау әрекетін білуде пайдаланылады.

Электроэнцефалограф өткен күннің еншісіндегі құрылғы болып табылады. Оған қарағанда Emotiv Systems құрылғысының артық тұстары бар. Біріншіден, арзанға түседі. Екіншіден, өндіріске шығу қарқындылығы жоғары, тез жасалынады. Оның үстіне басқа құрылғыларға қарағанда, қолайлы жасалған. Маза кетірмей, шашты алдырмай, басты торлармен қоршамай-ақ, пайдаланыла береді.

Тан Ли тағы бір дәрістерде ерікті адамдарға сынақ жасап көрген. Олардың ойлап отырған сөздерін тақта алдына жазып қойған. Солайша құрылғының  іске асатындығын төмендегіше дәлелдеп берген:

Суреттердің түсін өзгертеді, әндердің бағытын ауыстырады. Шамды, тоңазытқышты іске қосады. Мимика арқылы  аппараттарды басқара алады. Бейнеойындарды басқаруға болады. Атмосфераның ішкі қабатын өзгертуі мүмкін.

Бұл құрал миэлектр толқындарын қабылдаумен ғана шектелмейді. Адамдардың миына сигналдар жеткізіп те бере алады. Бұл сигналдар миға жеткенде, адамға дыбыс болып естіліп, көрініс болып көрінеді екен.... 

Форумда талқылау

Суреттер: entguik.kz