Абай афоризмдерінің қазіргі заман өрімімен үндестігі

Қазір заман талабының көп қырда өз арнасымен жүріп жатқаны үйреншікті жағдай секілді. Адамның ақыл ой-санасы, әр арман-мүддесі сол заманға сай өмір сүріп жатқан сияқты. Қай жағынан қарасақ та, адам сол заманға тәуелді. Десе де, біреуге бір дүниені ашып, оның бар қыр-сырын меңгеруге тырысып жүрмін деп кей жұртқа дәлелдеумен өмір сүрудің қажет жоқ деп ойлаймын. Әр адам, тұлға болып қалыптасқаннан кейін өз өмірінің суретшісі әрі оның әсемдеуші.

Ата-ана берген тәрбие мен жақын жандарымыздың көп берген ақылы бір-біріне ұқсайтындай, әр ой бір-бірімен ұштасып, өзге бір әлемнің тұрғындары секілді, алмастыруға да не оны қайтадан құруға да келмейді.

Ендігі, айтпақ ойым Абай фразалары өз алдына бөлек бір өмірді құрайды.  Мысалы, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де- ақымақшылық». Расында, қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман қай кезде болмасын ақыл мен мінезің бір-біріне жалғасып, ендігі сенің тағдырына, ендігі сенің бар болмысынның шынайы келбетін ашатын бірден-бір асыл құндылығың болуы керек.

«Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?!» Иә, бәрімізге белгілі жақында  халық алдында үлкен жауапкершілікті алып, үміттің сейіліп, алысын жақын қып, жақының алыстатқан сайлау бүгінде, халық алдында ант бергені көпшілікке күлкі болғанымен, барша қазақ жұртына өшпес бояу болып қалды. Еліміз қанша аласапыран тарихи оқиғалардың куәсі болса да, дәл мұндай масқарашылықтың күәсі боламыз деп ешкім ойламаған шығар. Ал, бұның бәрі қарап отырсақ, параллель әлемде өмір сүріп құдды осыны сезіп отқан жан секілді, Абай фразалары еш өлмейді, өлмеген де...

«Көптің аузын күзетіп күн көре алмайсың». Қазір адамгершілігіміз азайып, көреалмаушылығымыз көбейіп кеткен. Құдайдан сұрап, тілегенімізді беріп жаста, асылық сөйлеп «өздігіміз» шығып кететіне ол да бар. Десе де, өз адал еңбегімен табыс тауып, отбасым деп, бала-шағам деп, таң атқаннан кеш батқанға дейін ерінбей еңбек етіп жүрген жандар қаншама. Көп алдында көсіліп сөйлей алмаса да, әйтеуір зияным тимесін деп жүрген жұрт та бар. Ақыры, қанша жерден жақсы болып көрінген келгеніңмен сені даттап, көре алмайтын жандардың табылары хақ. Сондықтан, өзгенің ақыл-ойымен емес, өз өміріңді жандандыруға тырысып бағуымыз керек.

Заман өз ағынымен жүріп кете береді, оны түзеуші де оны құрушы да- Адам. Өз ғұмырлық дастанымызда өз іргетасымызды мықтылап қалайық, өз жүрегімізді таза ұстайық, өз өміріміздің нақ мирасқоры өзіміз болайық. Сондықтан да, Абай фразаларын бойымызға тұмар етіп, өмірге азық болар пайдалы істің куәгері бола берейік!

Әбжапбар Ұлпан
1-курс магистранты
Философия ғылымдарының
кандидаты, доцент Жанатаев Д.Ж.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ