IELTS тапсыру үшін үлкен дайындық керек. Әсіресе, қарым-қатынас орната алмайтын адамдар үшін айтылым дағдысы бойынша емтихан тапсыру қиынға соғады. Өйткені, бар білетінін ұмытып қалатын жағдайлар жиі орын алады. Бүгін Massaget.kz порталы емтиханда жиі кездесетін 10 тақырыпты ұсынбақ. 1) IELTS емтиханына дайындық кітаптары Спорт тақырыбымен басталады. Өйткені, бұл тақырып аясында кез келген адам емін-еркін сөйлесе алады. Ал, емтиханда қойылатын сұрақтар тізімі төмендегідей: What is your favorite sport activity? Do you do exercises regularly? Do you think old people nowadays get enough exercise? Is chess a sport? Is it important to be athletic in our modern society? 2) Екінші өзекті тақырып Қоршаған орта немесе Environment. Бұл тақырып аясында мынадай сұрақтарға жауап беруге тура келеді. Can you name at least two environmental problems? In your opinion, who created pollution? What does it mean To be environmentally friendly? 3) Емтиханда міндетті түрде Саяхат тақырыбы қозғалады. Сұрақтар да әртүрлі, олардың кейбірі ақылға сыймауы да мүмкін. Бірақ, шағын хикая мен келесі сауалдарға жауап беруге дайын болғаныңыз абзал. Where did you go travelling last time? What types of travelling to you know? Travelling by train or travelling by plane? Advantages and disadvantages of travelling by bus. 4) Crime тақырыбын ұмытуға бола ма? Әрине, жоқ. Ендеше, сұрақтарға бір шолу жасаңыз: What is the death punishment and do you support it? Would you ever consider the profession of a judge for yourself? Crime and punishment. How long, how much and for what should a person be punished? What are the typical crime types in your city? 5) Алғашқы бестікті Тағам тақырыбы бекітеді. Сұрақтар тізімінде шек жоқ, бірақ, емтихан қабылдаушы қоятын басты сұрақтар міне: What is your favorite food? What is your favorite recipe?Which food is considered healthy and which is not? 6) Білім тақырыбын да назардан тыс шығармаңыз: Why does education play such an important role nowadays? Oral or written exams: which are better? Internet and Education. Tell about your worst and best teachers. 7) Technology тақырыбына да назар аударыңыз. Соңғы жаңалықтармен танысып, әлемдегі ерекше технологияларды да біліп жүріңіз. Сайтымызда Техно айдарын оқу арқылы жаңалықтар мен түрлі қызықты тақырыптарға қаныға аласыз. Do you use mobile phones? What for? What were the last and the most important technological advances in the 21st century? Are you a computer nerd? 8) Жұмыс туралы сөйлесу қиындық тудырмасы анық. Бірақ, сақтансаң, сақтаймын дегендей, сұрақтарға бір көз жүгіртіп өтсеңіз артық етпейді: What is job satisfaction for you? What is more important: career or family? What is the most important factor when applying for a job? Does salary play the most significant role for you? 9) Жұмыс туралы әңгіме қозғалса, ақша да міндетті түрде аталады. Сонымен: Can money buy happiness? Do you participate in money quiz shows? Have you ever won a lottery? Does money lead the world? 10) Ал, біздің ондықты Балалар тақырыбы жабады. Төменде көрсетілген сұрақтарды есте сақтауды ұсынамыз: How many children is ideal for one family? Should the children obey the parents or visa versa? What do you understand under the notion a spilt child? Are parents too pushy nowadays? IELTS емтиханында біз ұсынған сұрақтар септігін тигізеді деп үміттенеміз. Шетелге шыға қалсаңыз да бұл сұрақтарға сізде жауап дайын болмақ. Сәттілік, оқырман!